Экономика

Ұлттық банк төрағасы былтыр теңге неге әлсірегенін айтты

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, купюры, банкноты
Деньги, тенге, купюры, банкноты   - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желтоқсанда мұнай бағасының өсуі және тәуекелді активтерге сұраныстың артуына байланысты теңге бағамы нығайды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. 2020 жылы теңгенің айырбас бағамы бір доллар үшін 382,60 теңгеден 420,91 теңгеге дейін, яғни 10%-ке әлсіреді. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мұның себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"2020 жылы ұлттық валюта дамушы елдердің басқа валюталарымен қатар коронавирустан туындаған дағдарыс аясында әлсіреді. Дағдарыс инвесторлардың тәуекелді активтерден шығуына әкеп соқты ", - деді Досаев үкімет отырысында.

Мәселен, Бразилия реалы 29,0%-ке, түрік лирасы 25,0%-ке, ал Ресей рублі 19,3%-ке әлсіреген.

Ал 2020 жылы теңгенің айырбас бағамы бір АҚШ доллары үшін 382,60 теңгеден 420,91 теңгеге дейін 10%-ке әлсіреді.

"Cыртқы жағдайлардың жақсаруына байланысты және Ұлттық банктің үкіметпен бірлесе қабылдаған шараларының арқасында теңгенің айырбас бағамы наурыздағы 448,5 теңгеге дейінгі құлдырауын біршама артқа қалдырып, жылды жапқанын атап өткен жөн", - деді ол.

Желтоқсанда мұнай бағасының өсуі және тәуекелді активтерге сұраныстың артуына байланысты теңге бағамы бір доллар үшін 425,07 теңгеден 420,91 теңгеге дейін, 1,0%-ке нығайды.

Биыл 11 қаңтарда биржадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша айырбас бағамы айдың басынан бері тағы да 0,4%-ке нығайып, бір АҚШ доллары үшін 419,18 теңге болды.

Оқи отырыңыз: Семейде әйел автобуста 3 млн теңгесін ұмытып кетті

 

 

Жаңалықтар
0