Экономика

Ұлттық қор активтері бір жылда 3,1 миллиард долларға төмендеді – Досаев

© Photo : Пресс-служба Национального банка КазахстанаЗдание Национального банка Казахстана
Здание Национального банка Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру аясында шығыстардың түсімдерден асып кетуіне және мұнай бағасының құлдырауына байланысты Ұлттық қор активтері азайған

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. 2020 жылы Ұлттық қордың активтері 3,1 миллиард долларға төмендеп, 58,7 миллиард долларды құрады. Бұл туралы ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ұлттық қордың активтері дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру аясында шығыстардың түсімдерден асып кетуіне және мұнай бағасының құлдырауына байланысты бір жыл ішінде 3,1 миллиард долларға төмендеп, 58,7 миллиард долларды құрады", - деді Досаев үкімет отырысында.

Айтуынша, нарықтағы құбылмалылыққа қарамастан, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі өткен жылдың қорытындысы бойынша оң болып қалды және 4,1 миллиард долларды құрады.

Ал алдын ала деректер бойынша алтын-валюта резервтері 6,7 миллиард долларға ұлғайып, 35,7 миллиард долларға жетті.

Алтын-валюта резервтері құрамындағы еркін конвертацияланатын валютадағы активтер Қарашығанақ консорциумынан өтемақы аясында қаржы келуі, Азия даму банкінің қарызы, сондай-ақ, Ұлттық банктегі валюталық шоттарға екінші деңгейлі банктер қаражатының түсуі есебінен 2 миллиард долларға өсті.

Жаңалықтар
0