00:24 16 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Экономика
Қысқа сілтеме алу
67 0 0

Елімізде ауыл шаруашылығы министрлігі құрамында болған балық шаруашылығы комитеті 2014 жылы таратылған

АЛМАТЫ, 8 қаңтар – Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің құрамында балық шаруашылығы комитеті құрылды. Тиісті қаулыға Қазақстанның үкіметі қол қойды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Саланың жеке ведомствоға біріктірілуі балық өсіру, тұтыну және экспорт көлемін жоспарға сай арттыруға мүмкіндік береді деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар экология министрлігі мемлекет басшысы 2020 жылдың қыркүйегіндегі жолдауында Қазақстанның балық шаруашылығындағы әлеуеті зор екенін ескере отырып, оны дамытуға аса мән беру қажет екенін айтқан сөзін басшылыққа алды.

Оқи отырыңыз: Тоқаевтың жарлығы: Қазақстанда екі агенттік қайта құрылды

Айта кетейік, елімізде ауыл шаруашылығы министрлігі құрамында болған балық шаруашылығы комитеті 2014 жылы таратылды.

Осы кезге дейін балық ресурстарын қорғау, тиімді пайдалану және көбейту саласындағы мемлекеттік саясатты экология министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті жүргізіп келді.

Салаға қатысты міндеттер комитет пен жергілікті атқарушы органдар, балық шаруашылығындағы өзін өзі басқару субъектілерінің арасында бөлінген. Бұл орталықтандырылған түрде тиімді жұмыс істеуге кедергі келтірді, деп толықтырды министрлік.

"Ал жұмысты жүйелі түрде жүргізу арқылы мемлекеттік бағдарламада көрсетілгендей су ресурстарындағы балық өсіру көлемін 600 мың тоннаға жеткізуге болады. Балық экспортын 300 мың тоннаға дейін арттыру жоспары да бар. Ол үшін жаңа 545 балық шаруашылығы құрылып, 323 шаруашылық толық жобалық қуатына шығады", – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Енді жаңа комитеттің алдында заңнаманы жетілдіру, балық жемі өндірісін жолға қою, кадрлық қамтамасыз ету жұмыстарын атқару міндеттері тұр.

Тақырып бойынша

Төреғали Төреәлі ұшақта шу шығарды: комитет тексеріс жүргізеді
Қазақстанда жаңа комитет құрылды
Одақ төрағасы ауыл мәселесімен айналысатын арнайы комитет құруды ұсынды
Бекболат Тілеухан халықаралық ұйымның комитет төрағасы болды
Бірінші қаңтардан Қазақстанның Ұлттық банкі қайта құрылды
Кілт сөздер:
мемлекеттік органдар, балық шаруашылығы
Загрузка...

Басты тақырып