23:35 15 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Экономика
Қысқа сілтеме алу
68 0 0

Арнайы шот ашпай тұрып, қолжетімді соманы қандай мақсатта пайдаланғыңыз келетінін анықтап алу қажет. Ал оны "Отбасы банк" АҚ құрастырған онлайн платформада жасауға болады

НҰР-СҰЛТАН, 8 қаңтар – Sputnik. "Отбасы банк" банк операцияларын жүзеге асыру лицензиясын "тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделу мақсаттарына біржолғы зейнетақы төлемдерін аудару үшін жеке тұлғалардың ағымдағы банк шоттарын ашу және жүргізу" деп аталатын жаңа қызмет түрімен кеңейтті, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамына қызметтің жаңа түрі – біржолғы зейнетақы төлемдерін аудару үшін жеке тұлғалардың ағымдағы банк шоттарын ашуға және жүргізуге рұқсат берді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қаңтар күні қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалануға мүмкіндік беретін заңға қол қойды.

Зейнетақы төлемдерін заңда белгіленген мақсаттарға ғана (тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделуге ақы төлеу), оларды арнайы ағымдағы шоттан нысаналы мақсатына аудару жолымен пайдалануға болады.

Біржолғы зейнетақы төлемдеріне арналған арнайы шот – үкімет белгілеген уәкілетті операторда тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) емделу мақсаттарына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан біржолғы зейнетақы төлемдерін аудару үшін алушымен ашылатын ағымдағы банк шоты.

"Бұл зейнетақы қорының салымшысына қаражат арнайы ағымдағы шотқа аударғаннан кейін зейнетақы жинағының қауіпсіздігіне сенімді болуға мүмкіндік беретін бірегей заңнамалық бастама. Қаражат барынша қорғалатын болады, оларды салымшының өзге қарыздық міндеттемелері шеңберінде ешбір несие беруші есептен шығара алмайды. Сондықтан, аталмыш қаражатты салық берешегі бойынша өндіріп алу мүмкін емес. Тіпті бұл ақша мүлікті тәркілеу туралы сот үкімдерінен де қорғалған. Осылайша, ешбір үшінші тұлға оларды талап ете алмайды", – дейді "Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова.

Біржолғы зейнетақы төлемдерінің осылай жіті қорғалуын қамтамасыз ету үшін азаматтық, азаматтық іс жүргізу, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу кодексі мен отбасы және неке кодексіне, Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Өтінімді қайда, қалай беруге болады

Біржолғы зейнетақы төлемдері аударылатын арнайы ағымдағы шотты "ЖССБ24" мобильді қосымшасы арқылы және "Отбасы банк" АҚ сайтындағы бейнеқоңырау қызметі арқылы ашуға болады. Сәйкесінше, өтініш берушілерге банк бөлімшелеріне барудың қажеті жоқ. Мұндай шотты ашуға байланысты операциялардың барлығын онлайн жүзеге асыруға болады.

"Арнайы шот ашпай тұрып, қолжетімді соманы қандай мақсатта пайдаланғыңыз келетінін анықтап алуға кеңес береміз. Оны "Отбасы банк" АҚ құрастырған онлайн платформада жасауға болады. Өтінімдерді онлайн платформада Ережелер бекітілгеннен кейін беруге болады", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" АҚ – еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Банктің жалғыз акционері – "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып табылады.

Оқи отырыңыз: Зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты тың ақпарат жарияланды

Тақырып бойынша

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын өз қажетіне қарай жұмсай алады
Коронавирустың жаңа түрі теңгені әлсіретті – Ұлттық банк
Қазақстандықтар зейнетақы қорының сайтын істен шығарды
Банк қызметкері тұрғындар қаржысын қалай иемденгені белгілі болды
Сарапшы банк қызметкерін телефон алаяғынан қалай ажыратуға болатынын айтты
Кілт сөздер:
зейнетақы, қаржы нарығы
Загрузка...

Басты тақырып