Экономика

Тараздың екі тұрғыны серіктес кәсіпкерді тақырға отырғызып кеткен

© Photo : pixabay.comБизнес, бумаги, калькулятор, иллюстративное фото
Бизнес, бумаги, калькулятор, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зардап шеккен тарапқа қатысты рейдерлік жасау фактісі толық көлемде дәлелденді. Екі бизнесмен шартты түрде үш жылға сотталды

ТАЛДЫҚОРҒАН, 6 қаңтар — Sputnik. Тараз қалалық соты рейдерлік жасады деп айыпталған екі азаматқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Казахстан тілшісі.

Қылмыстық істің материалдарын Жамбыл облысы экономикалық тергеулер департаментінің қызметкерлері сот қарауына ұсынды.

Тергеу Қылмыстық кодекстің 249-бабының 2-бөлімінің 1-2-тармақтары (рейдерлік) бойынша жүргізілді. Ортақ үлесте үш ірі кәсіпорынды ("Тараз ИнКом" ЖШС, "Индустриалдық ресурс" ЖШС, "ННП Convergo Nursad" ЖШС) басқарған екі кәсіпкерге қатысты айып тағылды.

"Бастапқыда ортақ бизнесте үш компаньон қатысқаны белгілі болды. Олардың үлесі тең емес бөліктерге үлестірілген. 2018-2020 жылдары олардың екеуі ресми кворум жариялау арқылы ортақ жиналыс хаттамасын әзірлейді. Оның қатысушыларының жасанды қолтаңбасын өздері қою арқылы үшінші компаньонды үлесінен айырады. Сотқа жүгініп отырған да сол азамат", - деп хабарлады Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі.

Анықталғандай, айыпталушылардың бірі есепшоттар ашу, банк карталарына, қаржы құжаттарына және келісімшарттарға қол қою құқығы және үш кәсіпорынның қаржылай бюджетін басқару құқығы бар директор болып шықты.

Ведомство атап өткендей, зардап шегушіге қатысты рейдерлік жасалғаны сот отырысында толық көлемде дәлелденді. Тараз қаласының №2 сотының шешімімен екі айыпталушы үш жылға шартты түрде сотталды.

Жаңалықтар
0