Экономика

Тоқаев премьер-министрді Ақордаға неге шақырды

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаПрезидент Касым-Жомарт Токаев и премьер-министр Аскар Мамин
Президент Касым-Жомарт Токаев и премьер-министр Аскар Мамин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамин 2020 жылдың қорытындысы бойынша ел дамуының макроэкономикалық көрсеткішінің болжамды есебі мен республикадағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды баяндады

АЛМАТЫ, 5 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет басшысы Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Алдын ала алынған мәліметтерге сәйкес, президентке 2020 жылы нақты сектордағы өндіріс көлемі 2%-ке артқаны жайында ақпарат берілді.

Оқи отырыңыз: Тоқаев мораторий мерзімін тағы бір жылға ұзартты 

"Өңдеу өнеркәсібі 3,3%-ке, оның ішінде азық-түлік өндірісі 3,6%-ке, фармацевтика 40%-ке, дайын металл өнімдерін өндіру 20%-ке, машина жасау 16%-ке, атап айтқанда автомобиль өндірісі 53%-ке, жеңіл өнеркәсіп 16%-ке өскен. Солайша нақты сектор ұлттық экономиканың тұрақтылығын сақтаудың басты факторына айналған", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар Асқар Мамин президентке ұзақ мерзімді орта көрсеткіштер бойынша құрылыс саласының қарқыны айтарлықтай жоғары екенін айтты.

"Былтыр құрылыс жұмыстарының көлемі 12,5%-ке артқан. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 14,5%-ке көбейген немесе 15 миллион шаршы метр баспана тапсырылған. Ауыл шаруашылығы саласындағы өсім 5,0%-ке жеткен", - делінген ақпаратта.  

Тау-кен өндірісіндегі темір кені және өзге де пайдалы қазбалар бойынша өсім сақталды.

Премьер-министрдің айтуынша, елімізде күнделікті жаңадан індетке шалдыққандардың саны 0,46%-ке өскен, ел бойынша коронавирустың өршу деңгейінің көрсеткіші 0,9%-ті құрайды.

Жұқпалы аурулар ауруханаларының 29%-інде, жансақтау бөлімдерінің 21%-інде науқастар емделіп жатыр.

Сонымен қатар президентке инвестиция тарту, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру және басқа да елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзекті мәселелер бойынша қабылданған шаралар жайы хабарланды.

Жаңалықтар
0