Экономика

Қазақстандықтар зейнетақы қорының сайтын істен шығарды

© SputnikБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайты
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
БЖЗҚ порталында зейнетақы жинағының бір бөлігін алу үшін жеткіліктілік шегін тексеру мүмкіндігі пайда болды

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтында жеткіліктілік шегін тексеру сервисі істен шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

БЖЗҚ порталында зейнетақы жинағының бір бөлігін алу үшін жеткіліктілік шегін тексеру мүмкіндігі пайда болды. Кез келген азамат өз жинағын жеке кабинетке кіріп тексере алады.

Ол жерде:

  • 2021 жылға ең төменгі жеткіліктілік шегі;
  • жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинағының сомасы;
  • табыс салығы біржолата және кейін алынатын жағдайда берілетін зейнетақы жинағының сомасы көрсетіледі.

5 қаңтар сағат 12:12-дегі жағдай бойынша БЖЗҚ сайтында "бұл бет ашылмайды" деп тұр.

"Биыл мен 38 жасқа толамын, бұған дейін осы жастағылар үшін жеткіліктілік шегі 3 миллион 242 мың теңге екені айтылды, 37 жас үшін – 3 миллион 147 мың. Ал қазір жеке кабинетте менде 3 миллион 130 мың көрсетіп тұр",- деді Sputnik Қазақстанға БЖЗҚ сайтынан жеткіліктілік шегін тексеріп үлгерген Нұр-Сұлтан тұрғыны.

"Сайттың жүктемелік тестілеуден өткізілуіне байланысты кейбір сервистер істемеуі мүмкін. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", - деді Sputnik Қазақстанға БЖЗҚ баспасөз қызметінен.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға мүмкіндік беретін заңға қол қойды.

Шоттағы ақшаны баспана сатып алуға, емделуге және қаржы компанияларына басқаруға беруге жұмсауға болады. Зейнетақы жинағын алу үшін қордағы ақша жеткіліктілік шегінен асуы керек.

Жаңалықтар
0