Экономика

Ғалымжан Есенов Jýsan Bank-тің ірі акционері атанды

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстан шахмет федерациясының президенті Ғалымжан Есенов
Қазақстан шахмет федерациясының президенті Ғалымжан Есенов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АТФ Банк 1995 жылы құрылған. 2013 жылдан бастап банктің акционері "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтың күйеу баласы Ғалымжан Есенов болды

АЛМАТЫ, 30 желтоқсан – Sputnik. АТФ Банктің бұрынғы акционері Ғалымжан Есенов Jýsan Bank банктің 19,97% акциясын сатып алғаннан кейін оның ең ірі акционері атанды.

Бұл мәміле Jýsan Bank акцияларын қосымша орналастыру аясында өтті және қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мақұлдауына ие болды, деп хабарлады банктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, банктің баспасөз қызметі қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мақұлдауын алғаннан кейін Jýsan Bank АТФ Банк акцияларының 99,76%-ін сатып алғанын хабарлады.

Мәміле талаптарына сәйкес, АТФ Банкінің 124 миллиард теңге көлеміндегі меншікті капиталы қосымша провизияларды құру үшін жұмсалды. Акционер шығынды жапқаннан кейін Jýsan Bank реттеушінің талаптарына сәйкес меншікті капиталдың жеткілікті деңгейін қалыптастыра отырып, АТФ Банкті 97 миллиард теңге көлемінде қосымша капиталдандыруды жүзеге асырды. 

АТФ Банкті сатып алу нәтижесінде Jýsan тобына кіретін екі банктің активтерінің жиынтық көлемі 3 триллион теңге немесе Қазақстанның банктік секторының активтерінен 10% құрайтын болады. Екі банктің өтімділігі жоғары активтерінің жиынтық мөлшері 1,3 триллион теңгеден асады. Бұл Қазақстан нарығындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады.

"Біз Қазақстан нарығында бұрыннан қызмет көрсетіп келе жатқан банктердің бірі – АТФ Банктің Jýsan тобына қосылғанына қуаныштымыз. Қазіргі таңда АТФ Банк өз өтімділігін айтарлықтай көбейтті, провизиялардың қажетті деңгейін қалыптастырды және сенімді қаржы құралы болып табылады. Біздің келесі қадамымыз – екі банктің клиенттік базаны одан әрі кеңейтуге және заманауи цифрлық сервистерді ұсынуға баытталған ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеу", – деп атап өтті Jýsan Bank директорлар кеңесінің төрағасы Шигео Катсу.

Оның айтуынша, клиенттер Қазақстанда ғана емес, Ресей мен Қырғызстанда да Jýsan тобының еншілес банктері арқылы қаржылық қызметтерге қол жеткізе алады.

Банк қызметі мен құрылымында не өзгерді

АТФ Банктің клиенттерге қызмет көрсету бойынша барлық сервисі әдеттегі режимде жұмысын жалғастырып жатыр.

30 желтоқсанда АТФ Банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды. Оның құрамына Jýsan Bank басқармасының мүшелері Ғалия Маханова – басқарма төрағасы, Владислав Ежов – басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Әлімжан Әлмамбетов, Мирас Шайхысламов – төраға орынбасары, Асқар Хамидуллин, Денис Середенко – басқарма төрағасының орынбасары, Мақсат Сайлаубаев – басқарушы директор болып кірді.

Оқи отырыңыз: Сарапшы банк қызметкерін телефон алаяғынан қалай ажыратуға болатынын айтты

Айта кетейік, АТФ Банк 1995 жылы құрылған. 2013 жылдан бастап банктің акционері "Самұрық-Қазына" мемлекеттік қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтың күйеу баласы Ғалымжан Есенов болды.

Jýsan Bank First Heartland Securities инвестициялық компаниясының еншілес ұйымы болып табылады. First Heartland Securities 2019 жылы 1992 жылы құрылған Цеснабанк акцияларының 99,5%-ін сатып алды.

Цеснабанк өз атауын Jýsan Bank деп өзгертті. Сол жылы Jýsan Bank және First Heartland Bank-ті біріктіру аяқталды.

Жаңалықтар
0