Экономика

31 желтоқсанда доллар бағамы қандай болады

© Sputnik / Тимур БатыршинДоллары и тенге
Доллары и тенге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық валюта доллармен салыстырғанда аздап әлсіреді. KASE саудасының қорытындысы бойынша доллар 0,21 теңгеге қымбаттады

АЛМАТЫ, 30 желтоқсан — Sputnik. KASE биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша сәрсенбі күні доллар бағамы 420,71 теңгеге жетті. Бұл Ұлттық банктің 31 желтоқсанға арналған ресми бағамы.

Бір күн бұрын доллар 420,5 теңге болған еді.

Kurs.kz сайтында Алматыда доллар 422,7 теңгеге сатылып жатқаны жазылған. Валюта айырбастау пунктері 420,5 теңгеге сатып алады.

Елорда пунктерінде америкалық валюта 423 теңгеге сатылады, ал сатып алу құны - 422 теңге.

Шымкентте 422,5 және 421 теңге шамасында.

Жыл басынан бері доллар 40 теңгеге қымбаттады

2019 жылдың 31 желтоқсанында доллардың ресми бағамы 381,18 теңге болған еді. Бір жылда ұлттық валюта 40 теңгеге, яғни 10 процентке әлсіреді.

Теңге коронавирус пандемиясы басталған кезде күрт арзандады. Наурызда антирекордтық көрсеткіш, яғни бір доллар 450 теңгеге жетті. Бұл пандемия, мұнай бағасы, АҚШ-тағы президент сайлауы және өзге де жағдайларға байланысты.

Бейсенбі күні KASE саудасында 2021 жылдың 1-5 қаңтарында Ұлттық банктің ресми бағамы қандай болатыны анықталады.

Жаңалықтар
0