Экономика

Қазақстанда алғашқы Ми-8 тікұшағы құрастырылды

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуМи-8, архивное фото
Ми-8, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Азаматтық нұсқадағы алғашқы тікұшақ құрастырылып, ұшу сынақтарынан өтті, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 

НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов "Ресей тікұшақтары" АҚ бас директорының бірінші орынбасары Сергей Фоминмен кездесті.

Олар МИ-8 тікұшақтарын Алматы қаласында орналасқан №405 зауытта құрастыру бойынша Қазақстан-Ресей бірлескен жобасын іске асыру аспектілерін талқылады.

"Азаматтық нұсқадағы алғашқы тікұшақ құрастырылды, ұшу сынақтарынан өтті және Қазақстан ТЖМ бөлімшелеріне беру үшін дайындалды. Жыл бойы Қазақстанда құрастырылған 8 машинаны пайдалануға беру жоспарланып отыр", - деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Сергей Фомин Қазақстан зауытының инженерлері мен мамандарының кәсібилігі мен құзыреттілігіне тоқталды.

Кездесу барысында үш жыл ішінде құқықтық ресімдеу, қазақстандық тарапқа техникалық құжаттаманы беру жұмыстары жүргізілгені аталып өтті. Бұл жұмыстың нәтижесі Қазақстанда құрастырылған алғашқы винтті МИ-8 машинасы болды.

Оқи отырыңыз: Қазақстан жыл соңына дейін қанша жасанды тыныс алдырту аппаратын шығарады 

Қазақстанда өнеркәсіптік кооперация және тікұшақтарды құрастыру туралы шешім 2015 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген РФ президенті Владимир Путинмен кездесуі барысында қабылданды.  

Жаңалықтар
0