04:05 25 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Экономика
Қысқа сілтеме алу
3817 0 0

Мемлекеттің экономикаға араласу үлесін азайту жұмыстары толық аяқталмағандықтан квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға жарияланған мораторий келесі жылдың аяғына дейін созылады  

НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға жарияланған мораторий ұзартылады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын сапа" конкурсының жеңімпаздарын марапаттауға арналған онлайн шарада айтты, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысы пандемия мен әлемдік экономикалық дағдарысқа қарамастан, 11 айдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 3,3 процент деңгейінде сақталып отырғанын ерекше атап өтті.

"Биыл Индустрияландыру картасы аясында 20 мың жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз ететін 200-ден астам өндіріс іске қосылды. Соңғы бес жылда экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесі 24-тен 32 пайызға артты. Кәсіпкерлік саладағы жұмыспен қамту көлемі 21 пайызға, яғни 2,8-ден 3,4 миллион адамға көбейді", - деді Тоқаев.

Президент экономиканы мемлекет меншігінен одан әрі алу ісі нақты бәсекелестікті дамытуда және әр кәсіпкерге шын мәнінде тең мүмкіндік беруде маңызды рөл атқаратынын айтты.

"Біз мемлекеттің экономикаға араласу үлесін айтарлықтай азайту үшін біртіндеп жағдай жасаймыз. Биыл квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға жарияланған мораторий аяқталады. Бұл бағыттағы мақсатқа әлі толық қол жеткізілген жоқ деп санаймын. Сондықтан менің жарлығыммен аталған мораторий келесі жылдың аяғына дейін созылады", - деп атап өтті Тоқаев.  

Сөз соңында мемлекет басшысы "Алтын сапа" конкурсының жеңімпаздарын құттықтап, оларға қолдау көрсетуге шақырды.

Конкурс жеңімпаздары:

  • "Үздік индустриялық жоба" номинациясы - "КЕЛЕТ" АҚ;
  • "Үздік инновациялық жоба" – "KSP steel" ЖШС-ның Павлодар филиалы;
  • "Өндірістік бағыттағы үздік кәсіпорын" - "Алматы көпір құрылысы зауыты" ЖШС, "МАКС жолқұрылыссервис – 21" ЖШС мен "Стадболт Мануфактуринг" ЖШС;
  • "Халық үшін тауар өндіретін үздік кәсіпорын" номинациясы - "GrandMiks" ЖК, "Глобал-Арнайы киім" өндірістік бірлестігі" ЖШС, "Дана-Дель" ЖК;
  • "Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын" - "Тұран" университеті, "СКФ "Отделстрой" ЖШС, "Элит-НС орталығы" ЖШС;
  • "Азық-түлік тауарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын" номинациясы - "Ақсай" Нан-бәліш комбинаты" ЖШС; "Нәтиже "Сүт Фабрикасы" ЖШС, "Пасека" шаруа қожалығы.
Кілт сөздер:
мораторий, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып