Экономика

Әшімбаев қазақстандық кәсіпкерлерді қандай жаңалық күтіп тұрғанын айтты

© Photo : Пресс-служба саната парламента Казахстана Спикер сената Маулен Ашимбаев
Спикер сената Маулен Ашимбаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Спикер тиісті нормалар бойынша заң жобалары әзірленгенін атап өтті. Сенаторлар мәжілістегі әріптестермен бірге оларды мұқият қарап шығуға дайын

НҰР-СҰЛТАН, 4 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласқаны үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі күшейтілуі мүмкін. Сенатта өткен парламенттік тыңдауда депутаттар шағын және орта бизнесті қорғауға және дамытуға бағытталған бірқатар ұсыныс тастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, депутаттар кәсіпкерлердің қызметіне араласқаны үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін күшейтуге бағытталған шараларды ұсынды. Атап айтқанда, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс пен Қылмыстық кодекске бірқатар өзгеріс енгізу көзделіп отыр. 

Депутаттар бизнес қызметіне заңсыз араласу, тексеріс жүргізу тәртібін бұзу, рейдерлік үшін жауапкершілікті заңнамалық тұрғыда күшейтуді қолдайды. Сондай-ақ, олар "кәсіпкерлердің адалдығы презумпциясы" принципін енгізуді мүмкін деп санайды. Ел президенті атап өткендей, кәсіпкерлік қызметке заңсыз кедергі келтіру мемлекетке қарсы жасалған ауыр қылмыс ретінде бағалануы тиіс. Президенттің бұл сөзі заңнамаға өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асады", - деді Әшімбаев парламенттік тыңдауда. 

Сондай-ақ, жер телімін кәсіпкерлерге қолжетімді ету бағытында да ұсыныстар айтылды. 

"Бұл әлі күнге дейін өз шешімін таппай жүрген өзекті мәселелердің бірі. Бес-алты жыл бойы әртүрлі деңгейде талқыланып келеді. Бірақ, проблема сол күйі шешілмеді. Бұл мәселені шешу үшін кешенді шаралар қабылдау қажет", - деді спикер. 

Депутаттар ұсынған тағы бір шара – бос жер телімдері мен жоспарланып отырған сауда-сатттық туралы ақпараттың қолжетімділігі мен барынша ашықтықты қамтамасыз ету. Мұндай ақпараттар интернет-ресурстар мен басқа да алаңдарда жариялануы тиіс.

Бұдан бөлек, елді мекендерде жерді мақсатты пайдалануды өзгерту процедурасын оңтайландыру қажет. Әшімбаевтың айтуынша, бұл процесте қағазбастылық көп. 

Спикер тиісті нормалар бойынша заң жобалары әзірленгенін атап өтті. Сенаторлар мәжілістегі әріптестермен бірге оларды мұқият қарап шығуға дайын.

Жаңалықтар
0