Экономика

"Жер учаскелерін беру тәртібі жеңілдейді": заң жобасы әзірленді

© Sputnik / Абзал КалиевРосток в руках, иллюстративное фото
Росток в руках, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Заң жобасы біраз қызметтерді электронды форматқа ауыстыруға, жер учаскелерін беру тәртібін оңайлатуға, жалпы, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Парламентке енгізілген заң жобасы аясында жер учаскесін беру тәртібі жеңілдетіледі. Бұл туралы үкіметтің бүгінгі отырысында премьер-министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

"Тағы бір маңызды мәселе – жер қатынастарын цифрландыру. Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын жасау бойынша ауқымды жұмыс жасалып жатыр. Ол жер учаскелері, құрылыстар мен ғимараттар жөніндегі деректерді қамтитын болады", - деді Мамин.

Үкімет парламентке жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры шеңберінде мемлекетте көрсетілетін қызметтерді цифрландыруға арналған заң жобасын енгізді. Құжат біраз қызметтерді электронды форматқа ауыстыруға, жер учаскелерін беру тәртібін оңайлатуға, жалпы, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, деп отыр премьер.

Үкімет басшысы отандық агроөнеркәсіп кешенін толығымен цифрландыру басты міндет екенін ерекше атап өтті. Соның арқасында өнім өндіру шығындары азайып, сапаны жақсартуға мүмкіндік бар.

"Жалпы, ауыл шаруашылығы мақсатындағы 100 миллионнан астам гектар жер 5 жылдың ішінде цифрландырудан өткізіледі. Оған мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 50 миллард теңге көлемінде инвестиция қажет болады. Қазірдің өзінде осы саланы цифрландырудың нәтижесінде тиімді тәжірибе жинақталды. Алдағы уақытта цифрландыру есебінен астық жинау жылына 25 миллион тоннаға дейін ұлғаяды", - деп атап өтті Мамин.

Бұдан бөлек, цифрландыру шараларының нәтижесінде өсімідік және мал шаруашылығы саласындағы өнім өндіру 20 процентке дейін артады. Ал фермерлердің шығыны 15 процентке азаяды.

 

Жаңалықтар
0