23:23 27 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Экономика
Қысқа сілтеме алу
79 0 0

Қазір гидроэлектр станциялар табиғатты қорғау үшін су жіберу кезеңінде өндірілген электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықта сатады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Қазақстан парламенті жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері туралы заңды қабылдады. Оған сәйкес, елде су тасқыны кезінде өндірілетін электр энергиясының есебінен тариф төмендетілуі мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Мәжіліс депутаты Шавхат Өтемісовтің айтуынша, қазір гидроэлектр станциялар табиғатты қорғау үшін су жіберу кезеңінде өндірілген электр энергиясын орталықтандырылған сауда-саттықта сатады. Ал оны трейдерлер сатып алады. Осылайша, мемлекет тасқын судан өндірілген электр энергиясының бағасына араласа алмайды. 

"Жүйелік оператордың деректері бойынша көктемгі су тасқыны кезінде жыл сайын орта есеппен 300 миллион кВтс электр энергиясы өндіріледі. Орталықтандырылған сауда-саттықта трейдерлер электр энергиясын 1 кВтсағ үшін 2-3 теңгеге сатып алып, оны екі-үш есе қымбатқа сатады. Осыған байланысты, гидроэлектрстанциялардың су тасқыны электр энергиясын "КЕГОК" АҚ-ға қарайтын қаржы-есеп орталығына сату міндетін заңнамалық түрде бекіту ұсынылады", - деді мәжілісмен. 

Айтуынша, бұл арзан электр энергиясы елдің барлық тұтынушылары арасында бөлінеді. 

Сонымен қатар, заң жобасы Қазақстанның электр энергетикасы жүйесінің сыртқы көздерге тәуелділігін төмендетпек. Атап айтқанда, қазір Ресейге кетіп жатқан ақша өз елімізде қалады. Ал бұл жыл сайын шамамен 10-12 миллиард теңге.

Бұдан бөлек, жаңартылатын энергия көздерін қолдауға "өтпелі тариф" белгіленіп отыр. Заң жобасында "жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға арналған үстемеақы" ұғымы көзделген, ол шекті тарифтен тыс ескеріледі.

Жаңартылатын энергетиканы дамыту үшін жаңартылатын энергия көздерінің электр энергиясын сатып алуға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімін 15 жылдан 20 жылға дейін ұлғайту ұсынылды. Ол инвесторға аукциондық сауда-саттықта неғұрлым төмен тарифтерді ұсынуға жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде тұтынушылардың шығынын төмендетуге мүмкіндік береді.

Сенат заңды бірауыздан қабылдады.

Тақырып бойынша

Сарапшы елордадағы экомешіттің не себепті электр қуатын тарата алмағанын айтты
Елордалық жылу электр орталықтары ішінара газбен жұмыс істей бастады
Петропавлда жол апатының алдын алған автобус электр бағанын құлатты – видео
Алматының жылу электр орталықтары түгел газға көшіріледі
Вице-министр атом электр станциясы қандай жағдайда салынуы мүмкін екенін айтты
Кілт сөздер:
электр энергиясы, су, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып