Экономика

Сенат республикалық бюджет туралы заң жобасын мәжіліске кері қайтарды

© Sputnik / Болат ШайхиновЗаседание сената парламента РК
Заседание сената парламента РК - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Заң жобасын талқылау кезінде депутаттардан 743,8 миллиард теңге қосымша қаржыландыруды қажет ететін 91 ұсыныс келіп түскен

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша – Sputnik. Парламент сенаты мәжіліс мақұлдаған 2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына 39 түзету енгізіп, төменгі палатаға жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Заң жобасын талқылау барысында сенаторлар 91 түзету енгізген. Оның 39-ы қабылданып, 52-і мақұлданған жоқ.

"Бұл заң жобасын талқылау кезінде тұрақты комитеттер мен депутаттардан 743,8 миллиард теңге қосымша қаржыландыруды қажет ететін 91 ұсыныс келіп түсті, оның ішінде 2021 жылға – 419,1 миллиард теңге. Үш жылдық кезеңге 20 миллиард теңгеге ұсыныстар қолдау тапты, оның ішінде 2021 жылға – 15 миллиард теңге", - деді заң жобасы бойынша қосымша баяндама жасаған депутат Нұрлан Қылышбаев.

Шығыстарды қайта бөлу негізінде қосымша қаржы мына бағыттарға жұмсалады:

  • газдандыруға - 2,7 миллиард теңге, оның ішінде 2021 жылға – 2,1 миллиард теңге;
  • тұрғын үй салу және қайта жабдықтауға – 6 миллиард теңге, оның ішінде 2021 жылға – 4 миллиард теңге;
  • инфрақұрылымдық және өзге де жобалар,а - 6,7 миллиард теңге, оның ішінде 2021 жылға - 4,6 миллиард теңге.

Сонымен қатар, депутаттардың басқа да ұсыныстары қолдау тапты.

Сенат "2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасына енгізілген түзетулерді қабылдап, мәжіліске жолдады.

Мәжіліс мақұлдағаннан кейін заң президенттің қол қоюына жіберіледі.

Жаңалықтар
0