Экономика

Ұлттық банк қазан айында валюталық интервенция жүргізді

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, доллары
Деньги, тенге, доллары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2020 жылдың алғашқы валюталық интервенциясына наурызда 94 миллион доллар, екінші рет тамызда 234 миллион доллар жұмсалды  

НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша – Sputnik. Қазақстанда қазан айында теңге бағамының күрт құбылуын болдырмау үшін интервенция жасалды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова хабарлады.

Оның айтуынша, өткен айда сыртқы нарықтардағы жағдай және теңге динамикасы әртүрлі бағытта және орташа құбылмалы болды. 

"Алайда қазанның соңғы күндерінде энергия тасымалдаушылар бағасының күрт арзандауына байланысты теңгеге айтарлықтай қысым болды. Айдың соңғы аптасында мұнайдың бір баррелінің құны қарқынды төмендеді және 2020 жылдың сәуірінен кейінгі ең нашар көрсеткіш тіркеліп, баға белгілеулер 10,3%-ға төмендеді", - деді Молдабекова.

Осы кезеңде валюта нарығында валюта ұсынысы күрт төмендеді, осыған байланысты Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізді, оның көлемі 91,3 миллион долларды құрады.

Оқи отырыңыз: Экономистер теңгенің болашағына болжам жасады 

Әлия Молдабекова Ұлттық банктің қатысуы жалпы нарықтық серпінге кедергі келтірмегенін атап өтті.

"Валюта нарығы үшін қолайлы факторлардың арасында мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына бейрезиденттер ағынының қайта қалпына келгенін атап өту қажет. Қазанда мұндай ағынның көлемі 71,8 миллиард теңгені немесе шамамен 167 миллион долларды құрады", - деп толықтырды Ұлттық банк басшысының орынбасары.

Жаңалықтар
0