Экономика

Қазақстанға дизель отынын әкелуге қатысты өзгеріс енгізіледі

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЗаправка автомобиля дизельным топливом, архивное фото
Заправка автомобиля дизельным топливом, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ішкі нарықты дизель отынымен толтыру үшін барлық алғышарттар болғанымен, энергетика министрлігі соңғы шешімді әлі қабылдамаған

НҰР-СҰЛТАН, 2 қараша – Sputnik. Қазақстанның энергетика министрлігі дизель отынының импортына тыйым салуды ұзартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен барып, бірнеше өндірістік нысандарды аралады.

Жанармай мен ТС-1 маркалы авиакеросин, дизель және қазандық отыны (мазут), мұнай коксы мен жол битумын шығаратын Павлодар мұнай-химия зауытында болған министр дизель отынының импортына қатысты сауалға жауап берді.

"Біз дизель отынын әкелуге тыйым салуды келесі жылдың сәуір айына дейін ұзартуды жоспарлап отырмыз, қысқы және арктикалық отынды қоспағанда. Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім әлі қабылданбады. Бірақ ішкі нарықта дизель отынын шамадан тыс толтырудың алғышарттары бар екенін атап өткім келеді", – деді Нұрлан Ноғаев.

Энергетика министрлігінің басшысы сапар аясында екі жылу және электр станциясы мен "Нефтехим ЛТД" ЖШС-н аралап, сондай-ақ 1-ЖЭО мен 3-ЖЭО-да, "Нефтехим ЛТД" ЖШС базасы мен метилтретбутилэфир және полипропилен өндіру цехының жұмысымен танысты.

Оқи отырыңыз: Дизель отынын Қазақстаннан шығаруға неге тыйым салынғаны белгілі болды

Айта кетейік, өткен жылы 33 мың тонна полипропилен өндірген зауыт биыл бұл көрсеткішті 40 мың тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр.

Жаңалықтар
0