Қоғам

Қытайға ет экспорты ұлғайды: министр қазақстандықтардың сынына жауап берді

© Sputnik / Евгения Новоженина / Медиабанкке өтуМясоперерабатывающее предприятие
Мясоперерабатывающее предприятие  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министрдің айтуынша, Қазақстан етті, әсіресе, өңделген ет өнімдерін көбірек экспорттауға ұмтылуы қажет

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қазақстандықтардың Қытайға ет экспортының ұлғаюына байланысты алаңдаушылығына жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сауда министрлігінің Қытайға ет экспортын ұлғайтуға қатысты жоспары қазақстандықтардың наразылығын туғызған еді. Олардың пікірінше, ең алдымен, ішкі нарықты етпен қамтамасыз ету қажет, өйткені ет бағасы өсіп кетті. Жекелеген облыстарда тапшылық байқалып отыр.

"Өнімді экспорттау – кешенді міндет, біз экспорттық акселерация бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Өнімді шет елге экспорттамас бұрын ел ішінде біраз дүниені шешіп алу қажет екені түсінікті. Егер жалпы экспорт жайлы айтар болсақ, кез келген өнім бойынша біз алдымен ішкі қажеттілікті қамтамасыз етіп, кейін басқаларға сатуымыз керек – экспорт саясаты осылай жүргізіледі", – деді Сұлтанов онлайн брифингте.

Министр Қазақстан ішкі нарықты етпен толығымен қамтамасыз етіп отырғанын мәлімдеді.

Оның пікірінше, Қазақстан етті, әсіресе, өңделген ет өнімдерін көбірек экспорттауға ұмтылуы қажет.

Оқи отырыңыз: Бактерия тарайды – ет пісірудегі басты қателік белгілі болды

 

Жаңалықтар
0