Экономика

Коронавирустың екінші толқыны: азық-түлік бағасы қандай болады

© Sputnik / Абзал КалиевПосетители закупаются продуктами перед "карантинными выходными" в торговой сети
Посетители закупаются продуктами перед карантинными выходными в торговой сети - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл коронавирустың бірінші толқыны кезінде азық-түлік бағасы тым шарықтап кеткендіктен, министрлік шекті бағаны енгізуге мәжбүр болған еді

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов коронавирустың екінші толқынына байланысты азық-түліктің шекті бағасы енгізіле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Егер қатты өсіп кетсе, онда бұл тетік (шекті бағаны енгізу – Sputnik) қолданылуы мүмкін. Бірақ, бұған қажеттілік болмайды деген үміттеміз, өйткені дүрлігуге еш негіз жоқ, азық-түлік қоры бойынша жұмыс жүргізілді", - деп сендірді министр онлайн брифингте. 

Биыл коронавирустың бірінші толқыны кезінде азық-түлік бағасы тым шарықтап кеткендіктен, министрлік шекті бағаны енгізуге мәжбүр болған еді. 

Сұлтановтың айтуынша, осы уақыт ішінде мемлекеттік органдармен, бизнеспен үлкен жұмыс атқарылды. Өңірлерде азық-түлік қоры құрылып, желілерге қажетті қаржы бөлінді. Мұның бәрі бағаның өсуіне жол бермеуі тиіс, дейді ол. 

Министр азық-түлік нарығындағы жағдай жіті бақылауда екенін айтты.

Жаңалықтар
0