16:08 28 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD423.87
  • EUR505.25
  • RUB5.59
Экономика
Қысқа сілтеме алу
Мәжіліс сайлауы (41)
81 0 0

Халық санының өсуіне байланысты сайлауға кететін шығындардың көлемі артып отыр. Биыл қараша айында кандидаттарды ұсыну мен партиялық тізімдерді тіркеу шаралары атқарылады

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына жұмсалатын қаржының көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Комиссия мүшесі Сәбилә Мұстафинаның айтуынша, халық санының өсуіне байланысты сайлауға кететін шығындардың көлемі артып отыр. Биыл қараша айында кандидаттарды ұсыну мен партиялық тізімдерді тіркеу шаралары атқарылады. Желтоқсанда үгіт-насихит басталады. Ал келесі жылы 10 қаңтарда сайлау өтеді. Сондықтан шығындардың басым бөлігі осы жылға жоспарланған. 

"2020 жылға үкіметке ұсынылған шығындардың сметасы 10,8 миллиард теңгені құрайды. Осы қаржының басым бөлігі  10 061 сайлау комиссиясында жұмыс істейтін 70 681 адамның еңбекақысына жұмсалады. Ол, шамамен, 7,3 миллиард теңге, яғни, жалпы шығындардың 68 проценті", - деді Мұстафина ОСК-ның бүгінгі отырысында. 

Оның айтуынша, қалған 3,5 миллиард теңге (32% ) бюллетеньдерді шығаруға, полиграфиялық қызметтерге, ақпараттық жұмысқа және сайлау комиссияларының ұйымдастырушылық шараларына жұмсалады. Карантиндік ережелер де сақталады. Сондықтан комиссия мүшелеріне жеке қорғаныс құралдары таратылады. Оған 341,4 миллион теңге бөлінеді. 

"Ал келесі жылдың шығындары 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда қарастырылған. Оның көлемі - 4,5 миллиард теңге. Осы қаржының барлығы дерлік сайлау комиссияларының мүшелері алатын жалақыға жұмсалады. Осылайша, жалпы парламент мәжілісі мен мәслихаттардың сайлау науқанына кететін шығындардың жобалық сметасы 15,3 миллиард теңгені құрайды", - деп атап көрсетті Мұстафина.

Тақырып:
Мәжіліс сайлауы (41)

Тақырып бойынша

Мәжіліс депутаты қайтыс болды
Мәжіліс сайлауының тарихы
"Өте маңызды қадам": Нығматулин алдағы мәжіліс сайлауы туралы айтты
Мәжіліс сайлауы: кім дауыс бере алады
Мәжіліс сайлауы қалай өтеді – орталық комиссия тәртібін жариялады
Кілт сөздер:
қаржыландыру, сайлау, Мәжіліс
Загрузка...

Басты тақырып