01:06 04 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD422.87
  • EUR512.10
  • RUB5.63
Экономика
Қысқа сілтеме алу
2280 0 0

Мәжілісте 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша заң жобасы қаралып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 қазан – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин бастаған үкімет мүшелері мәжіліске келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Отырыстың басында депутаттар экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жұмысқа алды. Депутат Нұртай Сабильяновтың айтуынша, осы құжат аясында 14 кодекске және 67 заңға өзгеріс енгізіледі. Соның ішінде кәсіпкерлік қызмет, бюджет, жер, экология, агроөнеркәсіп, сәулет, құрылыс, денсаулық сақтау, білім беру, микроқаржыландыру, жасанды интеллект және тағы басқа салалар бар.

"Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті осы заң жобасын жұмысқа алуға және ол бойынша 2021 жылдың 17 наурызына дейін қорытынды әзірлеуге дайын", - Сабильянов.

Осыдан кейін депуттаттар "Ұлттық қордан 2020-2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансфет туралы" заңға өзгеріс енгізу мәселесін қарады. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов нақтыланған бюджет бойынша Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 4 триллион 770 миллиард теңге көлемінде айқындалғанын жеткізді.

"Заң жобасында 2020 жыл бойынша осы соманы қолданыстағы кепілдендірілген трансферт туралы заңда белгілеу көзделеді", - деп атап көрсетті Дәленов.

Мәжіліс кепілдендірілген трансфет туралы заң жобасын бірауыздан мақұлдады. Осыдан кейін депутаттар 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша заң жобасын қарауға кірісті.

Осы мәселе бойынша ұлттық экономика министрі, қаржы министрі мен ұлттық банк басшысы баяндама жасады. Қазіргі кезде талқылау басталып кетті.

Кілт сөздер:
Асқар Мамин, үкімет, Мәжіліс
Загрузка...

Басты тақырып