10:46 31 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD432.64
  • EUR505.02
  • RUB5.47
Экономика
Қысқа сілтеме алу
112 0 0

Бюджетті нақтылау нәтижесінде республикалық бюджет түсімдері 185 миллиард теңгеге ұлғайып, 12 триллион теңге көлемінде анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан – Sputnik. 2020 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасында коронавирус инфекциясымен күреске қосымша 238,7 миллиард теңге бөлу қарастырылған. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Ол республикалық бюджет COVID-19-ға қарсы күрес шараларын іске асыру және экономиканың нақты секторын қолдау үшін нақтыланып отырғанын айтты. 

"Бірінші, коронавирус инфекциясымен күрес бойынша жұмыстарға қосымша 238,7 миллиард теңге бөлінді. Осы қаражатқа карантин шараларын жүргізуге тартылған медицина қызметкерлеріне 143,4 миллиард теңгеге қосымша ақы төлеу, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында COVID-19-дың таралуына жол бермеу мақсатында медициналық қызметтерге 83,2 миллиард теңге ақы төлеу қарастырылып отыр", - деді Жамаубаев үкімет отырысында. 

Сондай-ақ, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне эпидемияға қарсы шараларға қатысқаны үшін сыйақы төлеуге 11,7 миллиард теңге жұмсалады.

Екінші, экономиканы қолдау және күш құрылымдарын әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша басым шығыстарды қаржыландыруға 261,7 миллиард теңге бөлу көзделген.

Министрдің айтуынша, бұл ақша есебінен өндірісті ынталандыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мен табысын ұлғайту жоспарланып отыр. 

Үшінші, бюджетті нақтылау аясында президент жарлығына сәйкес, мемлекеттік органдар құру және қайта ұйымдастыру бойынша қаражатты қайта бөлу жүзеге асырылды. 

Бюджетті нақтылау нәтижесінде республикалық бюджет түсімдері 185 миллиард теңгеге ұлғайып, 12 триллион теңге көлемінде анықталды. 

Тапшылық жалпы ішкі өнімге шаққанда 3,5% деңгейінде сақталды. Республикалық бюджеттің шығыстары 205 миллиард теңгеге өсіп, 14,5 триллион теңгені құрайды. Қосымша шараларды іске асыру үшін бюджет шығыстары жалпы сомасы 296 миллиард теңгеге оңтайландырылған.

 

Тақырып бойынша

Мемлекеттік органдар 20 млрд теңгені игере алмай қалды
Қазақстанның халықаралық және алтын-валюта резервтері төмендеді
Мамин экономиканы қалпына келтіру жағынан артта қалған өңірлерді атады 
Жыл соңына дейін инфляция 8%-ке дейін өседі 
Ауыл шаруашылығы министрлігі өлген құстарға өтемақы төлеу тәртібін түсіндірді
Кілт сөздер:
Қазақстан, төлем, полиция, дәрігер
Загрузка...

Басты тақырып