Экономика

Зейнетақы жинағыма тиіспеймін – Нұрымбетов

© Sputnik / Владислав ВодневМинистр труда и социальной защиты населения Казахстана Биржан Нурымбетов
Министр труда и социальной защиты населения Казахстана Биржан Нурымбетов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қартайғанда жақсы зейнетақы алу үшін шотындағы қаржыны жұмсамайтынын атап өтті 

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан – Sputnik. Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы шотындағы жинағын мерзімінен бұрын шешіп алмайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Заң қабылданғаннан кейін, 2021 жылдан бастап зейнетақы жинағын пайдалануға мүмкіндік берілетінін білесіздер. Бірақ мен өз зейнетақы жинағымды жұмсамаймын, шоттан алмаймын. Өйткені ол мені зейнетақымен қамсыздандыруға қажет болады. Сол себепті өз зейнетақы жинағыма сенім артып отырмын", - деді Нұрымбетов онлайн брифингте.

Келесі жылдан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін жұмсай алады. Негізгі шарт – шоттағы ақша жеткіліктілік шегінен асуы керек.

Оқи отырыңыз: Министр Нұрымбетов депутаттардың зейнет жасын төмендету туралы ұсынысына жауап берді

Жеткіліктілік шегі 20 жастан бастап әр жас үшін бөлек есептелген. Зейнетақы жинағын баспана немесе жер телімін сатып алуға, ипотеканы өтеуге, емделуге және қаржы компанияларының басқаруына беру үшін пайдалануға болады.

Айта кететін жәйт, зейнетақы жинағының бір бөлігін алған азаматтар соманың 10%-ін салық түрінде төлеуге міндетті.

Жаңалықтар
0