Экономика

Қазақстан бұрын-соңды болмаған дағдарысты бастан өткеруде – президент

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуПокупательница в супермаркете, архивное фото
Покупательница в супермаркете, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үкімет бизнесті ынталандыру бойынша тиісті қадамдарды қолға алып, халықтың әлжуаз тобына көмек көрсетті

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке ұлттық банкпен бірлесіп, коронавирустың жаңа толқыны мен әлеуметтік-экономикалық ахуалдың нашарлауы жағдайында әрекет етудің кешенді жоспарын өзектендіруді тапсырды, деп хабарлайды Ақорда.

"Қазақстан, басқа мемлекеттер сияқты, бұрын болып көрмеген дағдарысты бастан кешіріп жатыр. Жалпы, біз елде экономикалық белсенділіктің тым төмендеп кетуіне жол бермедік. Бұл тұста үкімет жақсы жұмыс атқарды", – деді Тоқаев коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте.

Айтуынша, үкімет бизнесті ынталандыру бойынша тиісті қадамдарды қолға алып, халықтың әлжуаз тобына көмек көрсетілді. Жуырда Дүнижүзілік банк елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің оң динамикасына жоғары баға берген.

"Десе де, бүкіл әлемде пандемияның болжанып отырған екінші толқыны өз талаптарын қойып отыр. Келесі жылы дағдарысқа қарсы шараларды жалғастыру үшін үкіметке тиісті ресурстар мен шаралар жиынтығы қажет. Менің тапсырмам бойынша коронавирустың жаңа толқыны мен әлеуметтік-экономикалық ахуалдың нашарлауы жағдайында әрекет етудің кешенді жоспары әзірленді.

Алайда біздің дағдарысқа қарсы жоспарымыз бен болжамдарымызда бүгінгі сын-қатерді, атап айтқанда, Ресейге санкциялық қысымның күшеюін, Қап тауы маңындағы көршілес мемлекеттерде жағдайдың ушығуын, басқа да сыртқы факторларды ескеруіміз қажет", – деді президент.

Оқи отырыңыз: "Екі апта ішінде қамтамасыз ету керек": президент үкіметке тапсырма берді

Осыған байланысты Тоқаев үкіметке ұлттық банкпен бірлесіп, жоспарды өзектендіруді және қазан айының соңына дейін оны Әкімшілікке келісуге енгізуді тапсырды.

Жаңалықтар
0