Экономика

Тоқаев құс тұмауы жайлы: жағдай өте күрделі

© Sputnik / Елена БережнаяВ Северо- Казахстанской области продолжает свирепствовать птичий грипп: падеж птицы дошел и до птицефабрик региона
В Северо- Казахстанской области продолжает свирепствовать птичий грипп: падеж птицы дошел и до птицефабрик региона - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президенттің айтуынша, жоғары патогенді құс тұмауының тарауы азық-түлік қауіпсіздігінің осалдығын анықтады

НҰР-СҰЛТАН, 7 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрлігіне құстары қырылған ауыл тұрғындарына қолдау көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Ақорда. 

Айтуынша, жоғары патогенді құс тұмауының тарауы азық-түлік қауіпсіздігінің осалдығын анықтады. Жеке аулалар мен құс фабрикаларында жарты миллионға жуық бас құс қырылған. 

"Бұл жерде менің талабым, ең алдымен ауыл шаруашылығы министрлігіне бағытталады. Ветеринарлық шаралармен қоса, ауыл тұрғындарын қолдау, аулалар мен құс фабрикаларында құс басын қалпына келтіру бойынша экономикалық құралдарды пысықтау қажет", - деді Тоқаев коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте.

Ол ветеринарлық қызмет дамуының төмен деңгейі құс тұмауының алдын алу үшін дер кезінде шаралар қабылдауға мүмкіндік бермегенін атап өтті. 

Президенттің мәліметінше, республикада жеке аулаларда 24 мыңнан астам бас және екі негізгі құс фабрикасында 500 мыңнан аса бас құс өлді. 

"Сол себепті жағдай өте күрделі. Бұған жіті көңіл бөлген жөн", - деді мемлекет басшысы. 

Ол ветеринарлық қызмет елдің биологиялық қауіпсіздігі жүйесінің бір бөлшегі екенін айтты. Осыған байланысты Тоқаев үкіметке ветеринарлық қызметті нығайту бойынша шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.

Жаңалықтар
0