Экономика

Үш жыл ішінде Қазақстан өзін қандай азық-түлікпен қамтамасыз етеді

© REUTERS / AJENG DINAR ULFIANAПокупатели в масках в супермаркете
Покупатели в масках в супермаркете  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Премьер-министр ауыл шаруашылығы министрлігіне бір ай ішінде нарықты отандық азық-түлікпен молықтыру жөніндегі кешенді жоспарды қабылдауды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Алдағы үш жыл ішінде азық-түліктің 6 түрі бойынша отандық өндіріс көлемі ұлғайып, ішкі нарық толығымен отандық өнімдермен қамтылады. Олар: балық, алма, шұжық, ірімшік және сұбе, қант пен құс еті. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Оның айтуынша, қазір Қазақстан азық-түліктің негізгі 23 (29-дың ішінде) түрі бойынша өзін ішкі өндіріс есебінен қамтамасыз етіп отыр. Бұл, ең алдымен, жеміс-көкөніс, жарма, ұн, ет өнімдері және басқалар. 

"Өнімдердің қалған 6 түрі, атап айтқанда, алма, балық, шұжық өнімдері, ірімшік және сүзбе, қант пен құс еті бойынша отандық өндірісті ұлғайту үшін келесі үш жылдың ішінде жаңа құс фабрикаларын, ет комбинаттарын, сүт, қант зауыттарын іске қосу жөнінде бірқатар нақты шаралар қабылдап, алма бақтарының ауданын ұлғайту жоспарланып отыр", - деді Мамин үкімет отырысында.

Айтуынша, осылайша ішкі нарықты осы азық-түлік түрлерімен қамтамасыз ету мәселесі толығымен шешіледі. 

Премьер жаңадан құрылып жатқан Ұлттық тауар өткізу жүйесі өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау шарттарын жақсартуға, ауыл шаруашылығы тауарларының өндірісін және маусымаралық кезеңде нарықта оның санын арттыруға мүмкіндік береді, экспортты да біршама ұлғайтады. 

Мамин сауда министрлігіне осы жұмысты жалғастыруды тапсырды. 

Сонымен қатар, 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарға сәйкес, 5 триллион теңгеден астам инвестиция тартып, 380 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл азық-түлік тауарларының басым түрлері бойынша 7 экожүйені (ет, балық, жеміс және көкөніс, қант, дәнді, майлы, сүт өнімдері) қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

Премьер-министр ауыл шаруашылығы министрлігіне бір ай ішінде нарықты отандық азық-түлікпен молықтыру жөніндегі кешенді жоспарды қабылдауды тапсырды.

Жаңалықтар
0