Экономика

Қазақстан құс еті импортынан жыл сайын 77 млрд теңге жоғалтып отыр

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуМясо птицы
Мясо птицы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министр 13 инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін қосымша 147 миллиард теңге, оның ішінде 69 миллиард теңге кредиттік ресурс қажет екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 6 қазан – Sputnik. Құс еті импортының көлемін қысқарту жыл сайын 77 миллард теңгені ел экономикасында қалдыруға мүмкіндік береді. Ал қазір ол ақша басқа елдерге кетіп жатыр. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Министрдің айтуынша, қазір құс еті бойынша отандық өндіріс ішкі нарық қажеттілігінің 58%-ін ғана жабады. 

"Отандық өндіріс есебінен құс еті импорты көлемін қысқарту ел экономикасында жыл сайын шамамен 177 миллион АҚШ долларын немесе 77 миллиард теңгені сақтап қалуға мүмкіндік береді. Олар қазір валюталық түсім түрінде басқа елдерге кетуде", - деді Омаров үкімет отырысында. 

Ол ішкі нарықты толық қамтамасыз ету құс еті өндірісінің қуатын қосымша 171 мың тоннаға арттыру қажет екенін атап өтті. Ведомство бұл міндетті жаңа құс фабрикаларын іске қосу, сондай-ақ, құс фабрикаларының қазіргі қуаттылығын ұлғайту есебінен 2023 жылдың соңына дейін іске асыруды жоспарлап отыр. 

"Аталған міндетті орындау үшін жалпы қуаты 285 мың тонна құс етін өндіретін 19 құс фабрикасы, оның ішінде биыл жалпы қуаты 70 мың тонна болатын 6 құс фабрикасы, 2021-2023 жылдары жалпы қуаты 215 мың тонна болатын 13 құс фабрикасы іске қосылады. Бұл ішкі нарық қажеттілігін толық көлемде қамтуға мүмкіндік береді", - деді министр.  

Айтуынша, 13 инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін қосымша 147 миллиард теңге, оның ішінде 69 миллиард теңге кредиттік ресурс қажет.

Омаров жобаларды табысты іске асыру үшін тез арада мына мәселелерді шешу керек екенін айтты: 

  • инженерлік инфрақұрылым жүргізуге қаражат бөлу; 
  • құс етін өндіруді субсидиялауға және инвестициялық субсидияларға қаржы бөлу; 
  • құс еті импортына арналған тарифтік квоталарды бөлу тетігін өңдеуші кәсіпорындардың пайдасына өзгерту; 
  • азық өндіру үшін жер бөлу.
Жаңалықтар
0