21:39 24 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.61
  • EUR509.33
  • RUB5.88
Экономика
Қысқа сілтеме алу
159 0 0

Лимит мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың қатысуымен салынатын тұрғын үй құнын көтеруге жол бермеу мақсатында белгіленді

НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан – Sputnik. Қазақстанда құрылыс шығындарына лимит қойылды, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

"Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың инвестициялары тартылатын құрылыс нысандарының құнын көтеру жағдайларын болдырмау мақсатында жобалау және сараптама кезеңіндегі шығындарға шектік лимит белгіленді", - делінген ведомствоның хабарламасында.   

Мұндай ұсынысты индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен объектілерді салу кезіндегі шығындарды тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі селекторлық кеңесте білдірді. Кеңес премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өтті.

Оқи отырыңыз: Зейнеткерлерге 5 проценттік ипотека беру шарты жарияланды 

Мемсараптама порталында шығындар лимитін анықтауды автоматтандыру мақсатында (epsd.kz) объект құрылысының шектік құнын есептеуге мүмкіндік беретін онлайн-калькулятор әзірленді.

Сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманың деректер банкі негізінде ірілендірілген сметалық нормативтер (ІСН) қалыптастырылады, олардың мәні жобаны іске асырудың шектік құны болмақ.

Импортталған материалдар және технологиялық жабдықтың құнын аңықтау үшін шетелдік дерекқорды қолдану жоспарланып отыр.

Тақырып бойынша

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жабыла ма – Отбасы банкін құру тәртібі жарияланды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылар туралы мәліметті жариялады
Қазақстанда құрылысқа салынатын инвестиция азайды
Нұр-Сұлтанда арендалық баспанаға құжат қабылдау басталды
Қазақстанда бес жыл ішінде 3500 ауыл жаңғыртылады
Кілт сөздер:
құрылыс, тұрғын үй
Загрузка...

Басты тақырып