20:14 04 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD422.87
  • EUR512.10
  • RUB5.63
Экономика
Қысқа сілтеме алу
1057 0 0

Министр президенттің жолдауын іске асыру аясында кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетілетінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Пандемиядан зардап шеккен шағын және орта бизнестің қазіргі кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелері субсидияланып, жылдық ставкасы 6%-ке дейін төмендетіледі. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Министр президенттің жолдауын іске асыру аясында кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетілетінін айтты. 

"Шағын және орта бизнестің қазіргі кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау жүзеге асырылады. Түпкілікті жылдық мөлшерлеме 6%-ға дейін жеткізіледі", - деді Дәленов үкімет отырысында. 

Ол субсидиялау төтенше жағдай жарияланған кезден бастап 12 ай мерзімді қамтитынын атап өтті. Мемлекеттік қолдау "Бизнестің жол картасы – 2025" бағдарламасының жаңа бағыты аясында іске асырылады. 

"Бизнес ахуалды одан әрі жақсарту үшін шаралар кешені қабылданады. Оған тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру, тиісті комиссия құру арқылы барлық реттеушілік талапты қайта қарау және оларды азайтуға қатысты ұсыныстар кіреді", - деді ол. 

Кәсіпкерлік кодекске тиісті өзгерістер енгізу арқылы реттеушілік апелляция институтын енгізу шаралары қабылданбақ. 

Сондай-ақ, қаржылай және қаржылай емес мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру жалғасады. Дәленов бұл 2025 жылға қарай шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесін 35%-ға дейін және шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар санын 4 миллион адамға дейін ұлғайту бойынша қойылған міндеттерге қол жеткізуге ықпал ететінін айтты.

Тақырып бойынша

Президент қазақстандықтарға кредит беруді шектеуді тапсырды
Президент қандай мақсатқа қосымша 200 млрд теңге бөлінетінін айтты
Президент жолдауының толық мәтіні жарияланды
Шенеуніктер мен депутаттардың шетелдегі шоттарына қатысты жаңа шектеулер енгізіледі
Бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігі пайда болады
Кілт сөздер:
субсидиялар, кәсіпкер, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып