20:53 20 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.88
  • EUR502.93
  • RUB5.51
Экономика
Қысқа сілтеме алу
Абайдың 175 жылдығы (61)
215 0 0

Ұлттық банк 500 және 100 теңгелік коллекциялық монеталарды биыл 10 тамызда айналымға шығарған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. ABAI. 175 JYL коллекциялық монеталары осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап сатылымға түседі.

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

"Номиналы 500 теңгелік күмістен, номиналы 100 теңгелік мельхиор қоспасынан және номиналы 100 теңгелік нейзильбер қоспасынан жасалған ABAI. 175 JYL коллекциялық монеталары 2020 жылдың 1 қыркүйегінен сатыла бастайды", - делінген хабарламада.

Коллекционные монеты с изображением Абая
© Photo : Национальный банк
Абай бейнеленген коллекциялық монеталар

Монеталарды Ұлттық банктің барлық аумақтық филиалынан сатып алуға болады. Олардың мекенжайы сайтта көрсетілген.

Тағы оқыңыз: Ұлттық банк 3 қазаннан кейін кейбір банкноттарды қабылдауды тоқтатады

Күмістен және мельхиор қоспасынан жасалған монеталар Ұлттық банктің интернет-дүкенінде де сатылады.  

Еске салсақ, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған монеталар биыл 10 тамызда айналымға шықты. Карантин мерзімінің ұзартылуына байланысты монеталарды сату кейінге қалдырылған болатын.

Тақырып:
Абайдың 175 жылдығы (61)
Кілт сөздер:
монета, Абайдың 175 жылдығы
Загрузка...

Басты тақырып