03:36 20 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.88
  • EUR502.93
  • RUB5.51
Экономика
Қысқа сілтеме алу
89 0 0

Fitch рейтинг агенттігінің тамыздағы деректеріне сәйкес, мемлекеттердің 60 пайызында инвестициялық сенімділік рейтингі төмендеген, ал Қазақстанда бұл көрсеткіш "тұрақты" деңгейінде тұр

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. "2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасында қарастырылған қаражат мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемесін толығымен орындауға мүмкіндік береді. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі жағдайды ескеріп, үкімет алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін бюджет жобасын әзірледі. Республикалық бюджеттің көзделген қаражаты мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемесін толық көлемде орындауға мүмкіндік береді", - деді Мамин үкімет отырысында.

Ол экономиканың салаларын қолдау бойынша жоспарланған шараларды сапалы іске асыруды тапсырды.

"Қазіргі қарқынды төмендетпей, үйлесімді және жедел шешімдер қабылдауымыз керек", - деді премьер.

Мамин қазіргі уақытта әлемдік экономикадағы жағдай күрделі екенін, бұл Қазақстан экономикасына да әсерін тигізіп отырғанын айтты.

Оқи отырыңыз: Алдағы үш жылда Ұлттық қордан бөлінетін ақша қайда жұмсалады 

Халықаралық қаржы институттары пандемияға байланысты орын алған жаһандық рецессия мен іскерлік белсенділіктің төмендігін атап өтуде.

"Оған қарамастан, Fitch рейтинг агенттігінің тамыздағы деректеріне сәйкес, Қазақстанның инвестициялық сенімділігі ВВВ – тұрақты деңгейінде расталды. Ал мемлекеттердің 60 пайызында бұл рейтинг төмендеп отыр", - деді ол.

Бұл үкімет және ұлттық банктің дағдарысқа қарсы шараларды уақытында қабылдап, нақты жүргізген жұмысының нәтижесі, деп атап өтті премьер-министр.

Бүгін үкіметте Қазақстанның 2021–2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021–2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы", "2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобалары мен "Ұлттық қордан 2021 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы" президент жарлығының жобасы таныстырылды.

Тақырып бойынша

Қазақстанда 2021 жылы ЖІӨ 2,8%-ке өседі деп болжануда
2021 жылы Қазақстанда зейнетақы мен жалақы қанша болады
Ұлттық компаниялардағы лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеті әшкере болды
Сарапшылар Қазақстанның мемлекеттік қарызы туралы айтты
Ұлттық банк 2020 жылға арналған инфляцияны қайта қарады
Кілт сөздер:
Асқар Мамин, әлеуметтік төлем
Загрузка...

Басты тақырып