22:10 20 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD430.69
  • EUR518.42
  • RUB5.66
Экономика
Қысқа сілтеме алу
1353021

Ең төменгі жалақы мөлшерін қазіргі 42 500 теңге шамасында, ал айлық есептік көрсеткішті 2 778 теңгеден 2 917 теңгеге дейін көтеру ұсынылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. 2021 жылдың 1 қаңтарынан ең төменгі жалақыны 42 500 теңге деңгейінде бекіту жоспарланып отыр. Бұл туралы "2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасында айтылған. Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

2021 жылдың 1 қаңтарынан:

  • ең төменгі жалақы – 42 500 теңге;
  • ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы – 18 524 теңге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері – 43 272 теңге;
  • жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 2 917 теңге;
  • базалық әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн ең төменгі күнкөрiс деңгейiн – 34 302 теңге мөлшерінде бекіту жоспарланып отыр.

"Жасына байланысты зейнетақыға және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаржы 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың мөлшерін 7 процентке көтере отырып ескерілген", - делінген құжатта.

Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 қаңтарынан әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін мемлекет жарнасының мөлшері – жарнаны есептеу объектісінен 1,6 процент деп белгiлеу ұсынылды.

Еске салсақ, қазіргі таңда ең төменгі зейнетақы 40 441 теңгені құрайды. 

"2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы 2020 жылдың 4 қыркүйегіне дейін талқыланады.

Кілт сөздер:
зейнетақы, жалақы
Загрузка...

Басты тақырып