Экономика

Ұлттық қордың қаржысы шілде айында 1,6 миллиард доллар кіріс келтірді

© Sputnik / Владислав ВодневНациональный банк Казахстана
Национальный банк Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шілде айында алтын-валюта резервтері алтын бағасының өсуіне байланысты 7,3 процентке немесе 2,4 миллиард долларға ұлғайды

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев халықаралық резервтер мен ұлттық қор қаржысы бойынша есеп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бас банкирдің айтуынша, алдын ала деректер бойынша шілденің соңында халықаралық жалпы резервтер 3,2 процентке ұлғайып, 93,5 миллиард АҚШ долларына жетті. Алтын-валюта резервтері де өсті. Оған алтынның қымбаттауы әсер етті.

"Шілде айында алтын-валюта резервтері, ең алдымен, алтын бағасының өсуіне байланысты 7,3 процентке немесе 2,4 миллиард АҚШ долларына ұлғайып, 35,3 миллиард долларға жетті", - деді Досаев үкіметтің онлайн отырысында.

Ал Ұлттық қорға шілде айында 1,6 миллиард доллар көлемінде инвестициялық кіріс түскен. Осылайша, қор активтері 58,2 миллиард долларды құрады. Сондай-ақ, Ұлттық қордың активтері 1,1 миллиард АҚШ долларына конвертацияланды.

Оқи отырыңыз: Досаев теңгенің не себепті әлсірегенін түсіндірді

Маусымның соңында ұлттық валютадағы салымдар 11,9 триллион теңгеге дейін өсті. Ал валюталық салымдар 3,1 процентке азайып, 7,9 триллион теңгеге дейін төмендеді. 

"Соның нәтижесінде депозиттердің долларлану деңгейі осы жылдың маусымында 40 процентке түсті", - деп түйіндеді Досаев.

Жаңалықтар
0