Экономика

42 500 теңге: 2,1 миллионнан астам қазақстандық ақша алды

© Sputnik / Абзал КалиевТелеграм-бот по выплате 42 500 тенге
Телеграм-бот по выплате 42 500 тенге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік төлемнің басым бөлігі проактивті форматта тағайындалды, сондай-ақ өтініштер Egov.kz порталы, telegram-боттар, 42500.enbek.kz порталы арқылы берілген

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,4 миллион өтініш қабылдады.

"Төлем 2 миллион 140 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2,1 миллион қазақстандыққа аударылды", - деп хабарлады еңбек министрлігі.  

Төлем алуға өтінімдер бірнеше арна арқылы қабылданады. 2,4 миллион өтінімнің ішінде 833,8 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді.

"Тағы 604,4 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар, 342,8 мың адам 42500.enbek.kz порталы, 625,2 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген", - деп нақтылады ведомство.

Оқи отырыңыз: Министрлік тамыз айында кімдер 63 мың теңге алатынын айтты 

Азаматтардың санаттары бөлінісінде 833,8 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді.

Жұмыс берушілер жалдамалы қызметкерлері үшін 202,8 мың өтініш берді.

Қалған 1 миллион 369,6 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті – жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар.

 Өтініш 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Жаңалықтар
0