Экономика

Мамин 42 500 теңге кімдерге төленетінін айтты

© Sputnik / Абзал КалиевПремьер-министр Казахстана Аскар Мамин
Премьер-министр Казахстана Аскар Мамин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жәрдемақы карантиннің күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтінімі негізінде төленеді

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин шілде айына әлеуметтік жәрдемақы кімдерге берілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен шектеу шаралары кезінде табысынан айырылғандарға әлеуметтік жәрдемақыны ең төменгі жалақы мөлшерінде бір айға төлеу туралы шешім қабылдап отырмыз. Төлем карантиннің күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтінімі негізінде жүргізіледі", - деді Мамин үкімет отырысында.  

Сонымен қатар, премьер-министр еңбек министрлігіне азаматтардың жекелеген санатына азық-түлікке ақшалай көмек беруді жалғастыруды тапсырды. Бұл санатқа бір миллионнан астам адам кіреді.  

Оқи отырыңыз: Шілде айына 42 500 теңге төленеді – Тоқаев

Еске сала кетейік, президенттің тапсырмасымен республикада карантин тағы екі аптаға, екінші тамызға дейін ұзартылды.

Жаңалықтар
0