Экономика

Министр "проценті" төмен кредитті қалай алуға болатынын айтты

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуЗнак процента
Знак процента - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыдағы жұмыссыздар ала алады. 22 миллион теңгеге дейін алуға болады

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға берілетін кредиттер туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінгі талап бойынша отбасыда еңбекке жарамды адам болса, міндетті түрде жұмыс істеуі керек. Ал ұсынылған жұмыстан бас тартқан жағдайда барлық отбасы атаулы әлеуметтік көмектен айырылады. Қазіргі кезде осы санатқа кіретін 30 мыңдай азамат бар.

"Жай жұмыспен қоса, шағын кредит те алуға болады. Оны тОның ставкасы барлығына 6 процент болса, мұндай отбасыға - 4 процент, мерзімі - 5 жыл емес, 7 жылға дейін. Ал кепілдігі жоқ азаматтарға мемлекет 95 процентке дейін кепілдеме береді ", - деді Нұрымбетов бүгін онлайн форматта өткен халыққа есеп беру кездесуінде.

Бұдан бөлек, қайтарымсыз гранттар бар. Өзінің шағын бизнесін ашқысы келетін көпбалалы отбасыларға 555 мың теңгенің гранты беріледі. 

"Көпбалалы отбасылар және тұрмысы төмен отбасылар "Бизнес бастау" оқуын өтпей-ақ, осы гранттарға ие бола алады",- дейді министр.

 

Жаңалықтар
0