Экономика

Алматыда азық-түлік сатпайтын базарлар қашан ашылады

© Sputnik / Тимур БатыршинНикольский рынок в Алматы
Никольский рынок в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қалада жабылған базарлардың қызметіне қойылған шектеулерді алу кезең-кезеңмен жүргізілетіні хабарланды

АЛМАТЫ, 21 мамыр – Sputnik. Алматыда 25 мамырдан бастап ХҚКО жұмысын бастайды, ал бұрын жабылған базарлардың қызметіне қойылған шектеулерді алу кезең-кезеңмен жүргізілетін болады. Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"25 мамырдан бастап, карантин режимін жеңілдетудің кезекті кезеңінің шеңберінде қаладағы барлық халыққа қызмет көрсету орталығының, сондай-ақ бұдан бұрын жабылған азық-түлік базарларымен әмбебап базарларының азық-түлік қатарларының қызметіне қойылған шектеулерді алу жоспарланып отыр. Ол үшін нысандарда санитариялық-эпидемиологиялық нормалар қатаң сақталуы қажет", - деді Оразалин.

Айтуынша, шектеулер алынғаннан кейін қалада 16 фронт-кеңсе жұмысын бастайды, оның ішінде бес арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы, екі миграциялық қызметкөрсету орталығы, екі цифрлық қызмет көрсететін орталық бар. Соған сәйкес, 1 600 адам, оның ішінде клиенттермен тікелей байланыста жұмыс істейтін 933 қызметкер жұмысқа оралады.

"Нысандар ғимарат ішінде індетке қарсы санитарлық режимді қатаң сақтау, әлеуметтік арақашықтық және адамдар ағынын реттеу секілді шараларды сақтай отырып жұмыс істейтін болады", - деді басқарма басшысы.

Қай базар ашылады

Базарларды ашу қаладағы эпидемиологиялық жағдайға және нысандардың әзірлігіне байланысты кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.

25 мамырдан бастап карантин басталғанда жабылған азық-түлік және әмбебап базарларына қойылған шектеулерді алу жоспарланып отыр. Алайда әзірге әмбебап базарлардың азық-түлік бөлігіне ғана жұмыс істеуге рұқсат беріледі.

Сонымен қатар азық-түлік сатпайтын базарлар 1 маусымнан бастап іске қосылады. Нысандарды ашу ол жердегі барлық талаптардың сақталуына, келушілерді қабылдауға әзірлігіне міндетті бағалау жүргізілгеннен кейін ғана жүзеге асады.

Оразалиннің айтуынша, Алматы облыста тұратын қызметкерлерге қалаға кіріп-шығуға рұқсат берілді. Қызметкерлердің жеке дерегі almaty.infokazakhstan.kz. базасына енгізілуі керек.

Жаңалықтар
0