Экономика

Төтенше жағдай кезінде азық-түлік қаншаға қымбаттады

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуКөкөніс
Көкөніс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төтенше жағдай енгізілген наурыз айында жылдық инфляция биылға белгіленген 4-6% нысаналы дәлізден асып, 6,4%-ке дейін көтерілген

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Қазақстанда төтенше жағдай режимі салдарынан азық-түлік бағасы 9,3%-ке өскен. Бұл туралы ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Азық-түлік тауарлары 9,3%-ке қымбаттады. Мұндай динамика, бір жағынан, көкөніс бағасының науқандық өсуінен, ал екінші жағынан карантин кезіндегі сұраныстан туындады", – деді Досаев үкімет отырысында.

Наурыз айында қант – 8,5%-ке, көкөніс пен жеміс-жидек – 5,1%-ке, қарақұмық жармасы – 2,5%-ке қымбаттаған.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы жылдық мәнде 5,5%-ке өсті.

Ақылы қызмет бағасының өсу қарқыны 3,5%-ке дейін үдеді.

Оқи отырыңыз: Тоқаев 800 мыңнан астам қазақстандыққа тегін азық-түлік берілетінін айтты

Көлік, байланыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жекелеген қызмет тарифтері артқан.

Досаев төтенше жағдай енгізілген наурыз айында жылдық инфляция биылға белгіленген 4-6% нысаналы дәлізден асып, 6,4%-ке дейін көтерілгенін атап өтті.

Жаңалықтар
0