Экономика

Коронавирус салдарынан әуе компаниялары миллиардтаған шығынға батып жатыр

© AFP 2024 / NHAC NGUYENРабочий в защитном костюме дезинфицирует самолет
Рабочий в защитном костюме дезинфицирует самолет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Air Astana 30 сәуірге дейін жоспарлаған барлық рейсті тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Жыл соңына дейін Air Astana ұлттық әуе компаниясы 148 миллиард теңге, ал SCAT 85 миллиард теңгеге жуық шығынға ұшырауы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Әуе көлігі кәсіпорындарының кірісі 2020 жылдың қаңтар-ақпан айында 55,3 миллиард теңгені құрады. Бұл қаржының 54 миллиард теңгеге жуығы жолаушылар тасымалы қызметінің үлесіне тиесілі" - деп жазады Finprom сараптамалық агенттігі.

Оқи отырыңыз: Карантинге жабылған Нұр-Сұлтан әуежайына түнде бірнеше ұшақ қонды - видео

2019 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда жылдық өсім 11,4%, жолаушылар тасымалымен салыстырғанда 11,7% құрады.

"Елдегі тұрақты халықаралық рейстердің тоқтатылып немесе қысқартылуына байланысты жыл соңына қарай Air Astana әуе компаниясының шығыны 148 миллиард теңгеден, ал SCAT әуе компаниясының шығыны 84 миллиард теңгеден асады", – деп мәлімдеді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Айта кетейік, Қазақстанда төтенше жағдайдың ұзартылуына байланысты Air Astana 15-30 сәуірге жоспарланған барлық рейсті тоқтатты. Жолаушылар билеттерді басқа күндерге қайта брондай алады, айыппұл есептелмейді.

Қазіргі кезде SCAT әуе компаниясы Қазақстан бойынша және көрші елдерге гуманитарлық көмек тасымалдаумен ғана айналысады.

Жаңалықтар
0