23:08 04 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD422.87
  • EUR512.10
  • RUB5.63
Экономика
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (707)
1323321

Ұлттық қор тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 2000 жылы құрылды. Оның басты мақсаты – қазақстандықтардың болашақ ұрпағы үшін қаржы жинау және әлемдік шикізат нарықтарындағы ахуалдың ел экономикасына ықпалын шектеу

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Елбасының бастамасымен құрылған ұлттық қор қазір адам өмірін құтқарып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бұл туралы министр коронавирусқа байланысты өткен брифингте мәлімдеді.

"Мемлекет басшысы тапсырмасының нақты жұмыс жоспары және ұлттық қорда жиналған қаражат бар. Осы ретте ұлттық қорға қаражат жинау туралы шешім Елбасы көрегендігінің тағы бір дәлелі деп айтуға болады...Бір кездері бұл шешімді қатты сынаған еді, ал енді бүгін бұл шешім адам өмірін құтқарып жатыр", - деді Абаев коронавирус бойынша қазіргі жағдайды баяндап. 

Айта кетсек, Ұлттық қор тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 2000 жылы құрылды. 

Оның басты мақсаты – қазақстандықтардың болашақ ұрпағы үшін қаржы жинау және әлемдік шикізат нарықтарындағы ахуалдың ел экономикасына ықпалын шектеу. 

Қорға ақша бірнеше қаржы көзінен түседі: 

  • Мұнай секторы ұйымдарының салығы;
  • Мұнай секторындағы операциялардың басқа түсімдері; 
  • Республикалық меншік пен ұлттық холдингтер мен компаниялардың активтерін жекешелендіру; 
  • Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық табыс; 
  • Қазақстан заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен табыстар.

 

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (707)

Тақырып бойынша

Біз барлығына дайын болуымыз керек - Абаев 
Министр коронавируспен күреске нақты қанша ақша бөлінгенін айтты
Министрлік коронавирусқа қатысты соңғы ақпаратты бөлісті
42 500 теңгені алу үшін арнайы сайт ашылады
Министр 42 500 теңге туралы: табыстан айырылғанын дәлелдеудің қажеті жоқ
Кілт сөздер:
ұлттық қор, сын, Назарбаев, Дәурен Абаев
Загрузка...

Басты тақырып