Экономика

Қазақстанда жәрдемақы мен зейнетақы өседі - Тоқаев тапсырма берді

© Sputnik / Владислав ВодневТенге, деньги
Тенге, деньги - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент телеарна арқылы мәлімдеме жасап, елде төтенше жағдай кезінде қолға алынған дағдарысқа қарсы шаралар туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшері он процентке өседі. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев телеарна арқылы жасаған мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Тоқаев жағдайдың ушыға түскенін ескеріп, азаматтарға одан әрі қолдау көрсету жөнінде қосымша шешімдер қабылдағанын айтты.

"Біз үшін азаматтардың денсаулығымен қатар, олардың өз табысынан айырылмауы да маңызды. Инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялауды тапсырдым", - деді президент.

Осыған орай аталған санаттағы азаматтардың табысын арттыру үшін мемлекет тарапынан 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді.

Қазақстандағы төтенше жағдай

Мемлекет басшысының жарлығымен 16 наурыз - 15 сәуір аралығында елде коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді.

19 наурыздан бастап Алматы және астанада карантин жарияланды. 28 наурызда карантин күшейтілді. 

30 наурыз - 5 сәуір аралығында елорда тұрғындары мен алматылықтар тек азық-түлік дүкеніне, дәріханаға және жұмысқа ғана бара алады.

Жаңалықтар
0