Экономика

Қазақстанда жалақы азайып, "премия" төленбеуі мүмкін бе – министр жауабы

© Sputnik / Абзал Калиев Портмоне с деньгами
 Портмоне с деньгами - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Марат Бекетаев мемлекеттік бюджетке түсетін салық төмендеп, кіріс азайған жағдайда бюджеттің шығыстары қысқартылатынын айтты   

НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Қашықтан істейтін қызметкерлер жалақысын толық көлемде алады. Егер олар жақсы нәтиже көрсетсе, сыйақы төленуі тиіс. Бұл туралы әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Журналистер министрден "салықтың аз түсуіне және мемлекеттік бюджет шығыстарының ұлғаюына байланысты жалақы қысқарып, сыйақы төленбеуі мүмкін бе?" деп сұрады. Еуропаның бірқатар елі осындай тәжірибеге көшкен.

"Қазір сыйақыны алып тастау туралы сөз қозғауымыз керек деп ойламаймын. Егер мемлекеттік қызметкерлерге келсек, қазір үйден істеп жатқан адамдардың 70 проценті жалақысын толық көлемде алады. Егер жақсы нәтиже көрсетсе, сыйақы төленуі керек. Өйткені ол мемлекеттік қызметкерлерді өз жұмысын уақытында және сапалы орындауға ынталандыруы тиіс", - дейді Бекетаев астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Ол мемлекеттік бюджетке түсетін салық төмендеп, кіріс азайған жағдайда белгілі бір секвестр (бюджеттің шығыстарын қысқарту немесе шектеу) жасалатынын айтты.

"Сынақтан абыроймен өтеміз": Назарбаев өз қорынан 200 млн теңге бөлді

"Ең алдымен, мен мынаны айтқым келеді. Әзірге қаржы министрлігі бюджетке кіріс едәуір азаятынын болжап отырған жоқ. Бұған дейін менің әріптестерім айтып кеткендей, қаржы резерві жеткілікті. Мемлекеттік аппарат пен мемлекеттік қызметкерлер өздеріне жүктелген міндетті орындайтынына сенімдіміз", - деді ведомство басшысы.

16 наурыздан бастап республикада төтенше жағдай жарияланды. Режим отыз күнге созылады. Ал 19 наурыздан Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы карантинге жабылады.

Азаматтарға екі қалаға кіріп-шығуға 22 наурызға дейін уақыт берілді.

Жаңалықтар
0