Экономика

Ұлттық банк долларды сатып алу мен сату арасындағы айырмашылыққа шектеу енгізді

© Sputnik / Абзал КалиевВывеска обменного пункта в Нур-Султане
Вывеска обменного пункта в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл шаралар елдегі төтенше жағдай режимі уақытында іске асады және ішкі валюта нарығына сыртқы факторлардың әсерін шектеуге және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған

НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Ұлттық банк айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегін белгіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан банктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде валюталарды сатып алу және сату бағамының айырмашылығы тым көп, негізсіз маржа орнатылады. Осыған байланысты Ұлттық банк "Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегін белгілеу туралы" қаулыны қабылдады.

Осы құжатта уәкілетті банктердің және ұйымдардың (банктік емес айырбастау пункттері) айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегі бекітіліп отыр. Олар:

  • АҚШ доллары - 6 теңге;
  • Еуро - 7 теңге.

Валютаны сатып алу мен сату бағамының айырмашылығы осы шектерден ауытқымауы тиіс. 

"Бұл шаралар елде төтенше жағдай режимінің қолданылу уақытында іске асады және ішкі валюта нарығына сыртқы факторлардың әсерін шектеуге, сондай-ақ, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған", - делінген ресми хабарламада.

Тағы оқыңыз: Ұлттық банк пен қор биржасы бірлескен мәлімдеме жасады

Жаңалықтар
0