Экономика

Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің 70%-ін қашықтан жұмыс істеуге көшіруді тапсырды

© Sputnik / Владислав ВодневАкорда ночью
Акорда ночью - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы төтенше жағдай режиміне байланысты қызметкерлердің қашықтан жұмыс істегені жөн екенін жазды

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Президент мемлекеттік және квазимемлекеттік саладағы қызметкерлердің 70 процентін қашықтан жұмыс істеуге көшірген жөн екенін айтты. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

"Төтенше жағдай режимінде қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті бақылайтын мекемелерден, жекелеген БАҚ-тан өзге мемлекеттік, квазимемлекеттік сектор қызметшілерінің 70%-ін қашықтан жұмыс істеуге көшірген жөн", - деді президент.

​Мемлекет басшысы жеке кәсіпорындарға да осындай шараны қолдануды ұсынды.

Алматы мен астана карантинге жабылады

16 наурыз күні Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді. Ол бір айға созылады.

19 наурыздан бастап астана мен Алматы карантинге жабылады. Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия осындай шешім қабылдады.

Адамдардың қозғалысы, көліктердің кіріп-шығуы шектеледі. Қоғамдық көлік қозғалысы күндізгі уақытта тоқтап немесе шектелуі мүмкін, я болмаса түнде мүлде қатынамайды. 

Тағы оқыңыз: Сағынтаев Алматыдағы карантинге байланысты мәлімдеме жасады

Азық-түлікке жатпайтын тауар базарларын, азық-түлік пен дәрі-дәрмек сататын нысандарды қоспағанда, ірі сауда-ойын сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмысы уақытша тоқтатылады. 

Карантин аймағының периметрін белгіленіп, кіру-шығу пунктері анықталады. 

Арнайы емдеу мекемелері үш санат – вирус жұқтырғандар, инфекцияға күдіктілер мен карантинге алынғандар бойынша үздіксіз жұмыс істейді. 

 

Жаңалықтар
0