07:23 04 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD422.87
  • EUR512.10
  • RUB5.63
Экономика
Қысқа сілтеме алу
130 0 0

Қазақстан үкіметі шағын және орта бизнестің кейбір санаттары үшін салықтық жеңілдіктер қарастырып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 наурыз – Sputnik. Ірі сауда нысандары, кинотеатрлар мен театрлар, спорт нысандары бір жылға мүлік салығынан босатылуы мүмкін. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр шағын және орта бизнестің жекелеген санаттары үшін салықтық ынталандыру көзделіп отырғанын айтты. Бұл – ірі сауда объектілері, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер мен спорт нысандары.

"Бұл санаттағы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді бір жылға мүлік салығынан босату ұсынылып отыр", - деді Дәленов үкімет отырысында.

Сонымен қатар бір тоқсанға өсімпұл есептеуді тоқтату, үшінші тоқсан үшін салықтық есептілік мерзімін ауыстыру қарастырылған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда шағын бизнес салықтан босатылады – президент жолдауы 

Бұдан бөлек, үкімет "Бизнестің жол картасы-2025" және "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламаларын синхрондау аясында кәсіпкерлерді несиелендіру 400 миллиард теңгеден 1 триллион теңгеге дейін ұлғаяды.

"Ақша, ең алдымен, импортқа тәуелділікті төмендету және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін отандық өнім өндірушілерге беріледі", - деді министр.

"Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы бойынша несиелендірудің жоғарғы шегі 7 миллиард теңгеге дейін ұлғаяды. Ағымдағы шығыстарды жабу үшін бизнестің айналым қаражатын қаржыландыруды кеңейту ұсынылады.

Екіншіден, кредит бойынша түпкілікті сыйақы мөлшерлемесі біріктіріліп, 6 процентті құрайды.

"Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасында салалық шектеулер алынып тасталады. "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасында басым тауарлар тізбесі кеңейтіледі.

Тақырып бойынша

Биылдан бастап кімдер салық төлемейді – министрлік еске салды
Қазақстанда қаңтардан бастап бензин бағасы өсті
Ақорда Тоқаевтың арнайы жарлығын жариялады
"Өзің төле!": Қарағұсова тұрмысы төмендердің кредитін өтеп беруге қарсы шықты
Елордалық депутат Kaspi Gold иелерін 3% салық төлеуге міндеттеуді ұсынды
Кілт сөздер:
кинотеатр, салық, сауда орталықтары
Загрузка...

Басты тақырып