Экономика

"90 миллиард доллар бар": Тоқаев ақшаны қайдан алатынын айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинДоллары и тенге
Доллары и тенге  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы әлеуметтік шиеленіс пен жұмыссыздыққа жол бермеу үшін барлық қажетті шара қабылданатынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 16 наурыз – Sputnik. Қазақстанның халықаралық резервтері 90 миллиард долларға жетті. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз коронавирустың жаһандық экономикаға аса қатты әсер етіп тұрғанына куәміз. Шын мәнінде, әлемнің барлық экономикалық жүйесін қайта форматтау туралы сөз болып отыр. Қазақстан осы үлкен дағдарыстың әсерін бастан кешіп жатыр. Алайда осы экономикалық катаклизмдерге қарамастан, біз әлеуметтік шиеленіс пен жұмыссыздыққа жол бермеу үшін барлық қажетті шараны қабылдаймыз", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Қазақстанның халықаралық резервтері шамамен 90 миллиард долларға жетті. Бұл қаражат – экономикалық тұрақтылықтың негізі. Соның есебінен мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттерін атқаратын болады.

Президент төтенше жағдайға қатысты: дұрыс түсінесіздер деп ойлаймын

"Біз бюджет қаржысын жұмыспен қамту мен бизнесті дамыту жағынан нақты нәтиже беретін бағыттарға жұмсайтын боламыз. Отандық кәсіпкерлерді қолдау мен жаңа жұмыс орындарын құруға кем дегенде 300 миллиард теңге бөлінеді. Бизнесті кредиттеу деңгейін төмендетуге болмайды. Сондықтан ішкі нарықты толтырып, өндірісті ынталандыру үшін "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасын қаржыландыру көлемі артады", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Мемлекет басшысы қазіргі жағдайда бағаны алып-сатарлық әдіспен көтеруге жол берілмейтінін жеткізді. Осы орайда президент барлық әкімге баға мәселесін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Жаңалықтар
0