07:47 19 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD425.30
  • EUR501.05
  • RUB5.85
Экономика
Қысқа сілтеме алу
2069 0 0

Энергетика министрінің айтуынша, Қазақстан алдағы уақытта мұнай өндіру көлемін қысқартуды жоспарлап отырған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Бензин бағасын ұсыныс пен сұраныс реттейді, мемлекет араласпайды. Бұл туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

БАҚ өкілдері министрден мұнайдың арзандауына байланысты бензин бағасы түсе ме деп сұрады.

"Бензин бағасы бірнеше жыл еркін айналымда, нарықтық шарттар өзі реттейді. Ұсыныс пен сұранысқа қарай реттеліп келеді. Бензин бағасы қазір тұрақты", - деді Ноғаев үкімет отырысынан кейін.

Ол мұнай өңдеу зауыттары штатты режимде жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, Қазақстан алдағы уақытта мұнай өндіру көлемін қысқартуды жоспарлап отырған жоқ.

Айта кетсек, Сауд Арабиясы мен Ресей ОПЕК келісімінен шыққаннан кейін әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт төмендей бастады. Қара алтын барреліне 30 долларға дейін арзандады. Соның салдарынан Қазақстанда доллар тағы қымбаттады. 

Сейсенбі, 10 наурызда Қазақстандық қор биржасында өткен (KASE) таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 393,5 теңге мөлшерінде белгіленді. Бұл – аралық бағам, бүгін сағат 15:00-де доллардың ресми бағамы бекітіледі.

Осылайша, доллар 11,49 теңгеге қымбаттап отыр. 6 наруызда шетелдік валютаның бағамы 382,05 теңге болған еді. 

Тағы оқыңыз: Ұлттық банк базалық ставканы өсірді

10 наурыз таңертең мамырға арналған Brent фьючерс бағасы 6,67%-ке қымбаттады, яғни, баға барреліне 35,69 долларға дейін өсті. Арасында өсім 7%-ке жетті. Сәуірге арналған WTI маркалы фьючерс баррелі 32,37 долларға дейін қымбаттап, 3,85%-ке өсті.

Тақырып бойынша

Мамин министрліктер мен әкімдіктерге маңызды тапсырма берді
Мұнай бағасы қайта өсе бастады
Үкімет пен Ұлттық банк мәлімдеме жасады
Экономистер доллардың неге қымбаттап жатқанын түсіндірді
Ұлттық банк валюта айырбастауға тыйым салынады деген ақпаратқа түсініктеме берді
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өседі
Қазақстанда доллар қаншадан сатылып жатыр
Кілт сөздер:
бензин, мұнай
Загрузка...

Басты тақырып