09:25 26 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.91
  • EUR506.90
  • RUB5.60
Экономика
Қысқа сілтеме алу
4696220

Үкімет республикалық бюджеттің шығыстарын оңтайландырмақ. Мәселен, бюджет есебінен қымбат жиһаздар мен автокөлік сатып алу, семинарлар, форумдар қысқарады

НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Инфляцияға және теңгенің жаңа бағамына байланысты қазақстандықтардың зейнетақысы мен жәрдемақысы индексацияланады. Бұл туралы үкімет басшысының бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Инфляция дәлізінің қайта қарастырылуын ескере отырып, зейнетақы, жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмектерді индексациялау үшін шаралар қабылданады. Теңгенің бағамына байланысты бірқатар шығыс индексацияланады", - деді Смайылов үкімет отырысында.

Сондай-ақ, республикалық бюджеттің шығыстары оңтайландырылады. Оңтайландыру бойынша бірқатар бағыт белгіленді.

Біріншіден, бюджет қаражатының есебінен қымбат жиһаздар мен автокөлік сатып алу, семинарлар, форумдар мен басқа да имидждік шаралар қысқарады.

Екіншіден, кейбір жобалар мен шаралар, шығыстар кейінге қалдырылады.

"Сонымен қатар, барлық әлеуметтік міндеттің толық орындалуы қамтамасыз етіледі. Бұл кепілдендірілген тегін медициналық көмек, шет елде Қазақстан азаматтарын емдеу, "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқыту және басқа да шығыстар", - деді вице-премьер.

Тағы оқыңыз: Кейбір көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы екі есеге артады

Үшіншіден, квазимемлекеттік компаниялардың дивиденттік саясаты қайта қаралады.

Оның айтуынша, барлық іс-шараны жүзеге асыру үшін республикалық бюджетті сәуір айының ортасында нақтылау ұсынылады.

Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттің шығыстарын оңтайландыру үшін осындай жұмыстарды жүргізуі қажет, деді Смайылов.

Тақырып бойынша

Қазақстанда жаңа жәрдемақы енгізілуі мүмкін – ол кімдерге төленеді
Қазақстанда зейнетақы төлеу тәртібі өзгеруі мүмкін: кім қанша алады?
Зейнетақы жинағындағы ақшаны ерте алудың жолдары айтылды
Қазақстанның зейнетақы қоры кімдердің шотына ақша түспей жатқанын мәлімдеді
Тоқаев зейнетақы жинағын пайдалану бойынша алғашқы қадам жасалғанын мәлімдеді
Министр зейнетақы жинағының тең жартысын кімдерге алуға болатынын айтты
Қазақстанда 1-3 баласы бар отбасыларға жәрдемақы төлене ме – министрдің жауабы
Кілт сөздер:
жәрдемақы, зейнетақы
Загрузка...

Басты тақырып