Экономика

Тоқаев Жүрсіновке жаңа жұмыс тауып берді

© Sputnik / Абзал КалиевАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
44 жастағы Рустам Жүрсінов бұл қызметте Болат Палымбетовті алмастырды, бұған дейін ол "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары болған

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Рустам Жүрсінов Қазақстанның бизнес-омбудсмені болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Рустам Манарбекұлы Жүрсінов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды", - делінген жарлықта.

Ал бұған дейін бұл қызметті атқарған Болат Палымбетов президенттің өкімімен босатылды. Ол өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты өз еркімен қызметінен босату туралы өтініш жазған.

Рустам Жүрсінов туралы не білеміз?

Рустам Манарбекұлы Жүрсінов 1976 жылы 16 ақпанда Өскемен қаласында туған.

1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін (заңгер), 2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (экономист), 2013 жылы "СКОЛКОВО" Мәскеу басқару мектебін (Executive MBA) тәмамдады.

Тағы оқыңыз: Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады

Әр жылдары Қазақстанның мемлекеттік кірістер министрлігіндегі заң департаменті директорының орынбасары, "GRATA" заң фирмасының серіктесі, "КМГ-Консалтинг" ЖШС бас директоры, "ҚазМұнайГаз" "Барлау және өндіру" АҚ құқықтық мәселелер бойынша басқару директоры, "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-да заң департаментінің басшысы болып жұмыс істеген.

2015 жылдың басынан "Атамекен" ҰКП басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Жаңалықтар
0