Экономика

Баға өссе, жалақы да көбеюі керек: министр жаңа ұсынысты қолдады

© Sputnik / Владислав ВодневМинистр труда и социальной защиты населения Казахстана Биржан Нурымбетов
Министр труда и социальной защиты населения Казахстана Биржан Нурымбетов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, жалақыны инфляцияға қарай өсіріп отыруға жұмыс берушілер бірлестігі қарсы шыққан. Дегенмен кәсіподақтармен жеке жұмыс тобы құрылып, бұл мәселе әрі қарай пысықталмақ

НҰР-СҰЛТАН, 17 ақпан – Sputnik. Қазақстандықтардың жалақысын инфляцияға байланысты өсіріп отыру заңдық тұрғыда бекітілуі мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіподақтар федерациясының ұсынысын қолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқи отырыңыз: Депутат Божко қаймақтың бағасына таңғалды

Министрліктің кеңейтілген алқа отырысында кәсіподақтар федерациясы жұмысшылардың жалақысын тұрақты түрде индексациялауды заңдық тұрғыда бекітуді ұсынды.

Еңбек министрі Біржан Нұрымбетов бұл бастаманы қолдады.

"Жалақы индексациялануы керек деп санаймын. Өкінішке қарай, біздің заңда әзірге мұндай норма жоқ. Еңбек қатынастары әлеуметтік серіктестікке құралады. Мемлекеттің де, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің де мүдделері ескеріледі", деді ол алқа отырысынан кейін.   

Оның айтуынша, жалақыны инфляцияға қарай өсіріп отыруға жұмыс берушілер бірлестігі қарсы шыққан. Индексация мәселесінің еңбек заңнамасында көрсетілмеу себебі де осы.

"Кәсіподақтармен жеке жұмыс тобы құрылып, біз осы мәселені әрі қарай пысықтаймыз", - деді Нұрымбетов.

Жаңалықтар
0